» » Кімдерге теңіз өнімдерін жеуге болмайды?

Кімдерге теңіз өнімдерін жеуге болмайды?

Теңіз өнімдерінің кей түрінде сиыр етінен де көп ақуыз бар. Оларды үнемі тұтыну жүрек пен қан тамырлары ауруларының қаупін азайтады. Бірақ теңіз өнімдері бәріне жеуге болмайды. Бұл туралы гастроэнтеролог-диетолог Наталья Матвеевская айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz




Теңіз өнімдері - балық, ұлулар (мидия, устрица, теңіз тарақаны, кальмар), шаянтәрізділер (креветка, краб, омар), балдырлар.
Майлы балық (лосось, скумбрия): омега-3-ке бай, жүрек пен миға пайдалы.
Ұлулар: В12 дәрумені, темір, мырыш көзі.
Шаянтәрізділер: ақуыз бен йодқа бай.
Балдырлар: йод, талшық, минералдарға толы.
Пайдалы заттар:
  • Жеңіл сіңетін ақуыз
  • Омега-3 май қышқылдары
  • В, D, А дәрумендері
  • Йод, мырыш, темір, селен
    Аптасына 2-3 рет, 100-150 г жеуге болады. 
Кімдерге пайдалы?
  • Спортшыларға: бұлшықетті қалпына келтіреді.
  • Салмақ бақылайтындарға: калориясы аз, ақуызы көп.
  • Жүрек аурулары барларға: қан айналымын жақсартады.
  • Жүкті және емізетін әйелдерге: ұрық пен баланың дамуына керек микроэлементтер береді.
Кімдерге болмайды?
  • Аллергиясы барлар: теңіз өнімдерінен толық бас тарту керек.
  • Бүйрек аурулары барлар: фосфордың көптігінен шектеу қажет.
  • 3 жасқа дейінгі балалар: абайлап, аз мөлшерден бастап қана беру.
07 қыркүйек 2025 ж. 177 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930