» » Апостиль дегеніміз не?

Апостиль дегеніміз не?


Апостиль дегеніміз – бір құжатқа қол қойған лауазымды тұлғанын қолын, оны растайтын мөр мен мөртаңбаны куәландыратын арнайы мөртаңба.
   Апостиль – шетелге шығатын құжаттардың басқа елдерде түпқұжат екенін және құжатқа қол қойған адамның кім екендігін және тиісті жағдайда бұл құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын куәландырады. Апостиль деген ұғыммен шетелдерге уақытша немесе тұрақты мекен – жайын ауыстыратын азаматтар құжаттарын рәсімдеген кезде міндетті түрде жолығады. Апостильдің нысаны кемінде 9х9 шаршы см. Түрінде жасалған мөртабан болып табылады.   Апостиль қоюшы адамдар – апостиль қою жөніндегі функциялар орындауға уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары.
Апостильге қойылған қол мен мөр ешқандай растауды қажет етпейді. 1999 жылы 30 желтоқсанда ҚР Гаагада 1961 жылғы 5 қазанда жасалған Шетелдік ресми құжаттарға заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылды.
  Бүгінгі күнге Гаага Конвенциясына әлемнің 138 мемлекеті кіріп отыр. Осы Конвенцияға кірген уағдаласушы мемлекеттердің бірінің аумағында жасалған апостиль басқа да уағдаласушы мемлекеттердің аумағында ұсынылуы тиіс ресми құжаттарға қолданылады.
Апостиль қоюға құжаттардың түпнұсқалары қабылданады. Көп ағдайда жеке тұлғалар білім орындарынан алған құжаттарын апостильдеуг электронды түрде жолдап жатады. Электронды түрде жолданғанмен, міндетті түрде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімдеріне оқу орындарынан алған құжаттарының түпнұсқасын ұсыну қажет.
Апостиль Конвенциясының ресми тілдерінің (француз немесе ағылшын) біреуінде, сондай –ақ апостиль қойған мемлекеттің ұлттық тілінде қойылуы мүмкін. Іс  жүзінде көп жағдайда апостильде екі тіл (Конвенция тілдерінің біреуі және ұлттық тіл) қосарланып беріледі.
Конвенцияға сәйкес апостиль құжаттың өзінде немесе құжатпен қоса берілетін жекелеген парақта қойылады.
Іс жүзінде түрлі мемлекеттерде апостиль қоюдың түрлі тәсілдері пайдаланылады:резеңке мөртабан, желі (түрлі түсті) ленталар, сүргіш мөр, бедерлі мөр, жапсырма  стикерлер және т.б, сондай-ақ құжатқа қосымша ретінде, яғни желі, бекіткіш шығаршыұтар, скрепкалар түрінде беріледі.
А.Мырзағұлова,
Қармақшы аудандық сот әкімшісінің бас маманы

14 наурыз 2024 ж. 147 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031