Отбасылық зорлық-зомбылық заңындағы өзгерістер
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген түзетулер туралы»
2022 жылдың қыркүйегінде Президент Қазақстан халқына Жолдауында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактілері үшін жауапкершілік қатаңдату жөнінде тапсырма берген болатын.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жәбірленушілер өміріне немесе денсаулығына қауіп төнгенде полицияға жүгінеді, ал полиция қызметкерлері келгенде агрессорларға арыз жазудан бас тартады. Көбінесе полиция кеткен соң отбасындағы жанжал әрі қарай ұшығып, кейде бұл ауыр зардаптарға әкеліп соғады. Осыған байланысты, енді тұрмыстық жанжал туралы хабарлама түскенде полицейлер сол жерде болған оқиғаға құқықтық баға береді. Хаттама жасау үшін куәгердердің, көршілердің айғақтары, бейнебақылау камералары мен полицейлердің өздерінің бейнетіркегіш жазбалары жеткілікті болады. Соңғы шешімді сот қабылдайды.
Мысалы, әйел отбасылық жанжал бойынша қоңырау шалса, полиция келгенде шиелініс шеліпі, ер адам өзінің заңсыз әрекетін тоқтата қояды. Өз кезегінде, әйел арыз жазудан бас тартады, бірақ өзіне қатысты құқықбұзушылық жасалғанын түсіндіріп айтады. Оның айғақтарына сүйене отырып, құқық бұзушыға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық істері бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары қабылданатын болады. Олар барлық айғақтарды қарап тексеру, бөлімшеге жеткізу, әкімшілік ұстау, медициналық куәландыру және тағы басқалар.
Сотта құқық бұзушының жәбірленушімен татуласу мүмкіндігі бар, бірақ соңғы өзгертулер бойынша тек бір рет қана татуласа алады. Яғни отбасылық жанжал жасаушы бірінші рет сотта жәбірленушімен татуласса, бұл әрекеттері келесі қайталанғанда оларды татуластыруға соттың заң бойынша құқығы жоқ. Отбасылық жанжал үшін агрессорға ескерту жасалады немесе 5 тәулікке қамауға алынады.
Қайта жасалған жағдайда – 10 тәулік қамауға алу, ұрып-соғу фактісі үшін – 10 тәулік қамауға алу, қайталанса – 20 тәулікке қамау көзделген.
Денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін – 15 тәулік, ал қайталанса 25 тәулікке қамау жазасы бар. Сонымен қатар қазіргі уақытта тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактілері үшін қоғамдық жұмыстарды тағайындау мәселесі пысықталуда. Бұл зардап шеккендерге психологиялық қысымды азайтуға мүмкіндік береді.
Атап айтқанда, Қармақшы АПб-нің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 1 шілде айынан бастап «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы» өзгертілген заң негізінде бөлімнің «102» арнасына 16 отбасы тұрмыстық саласындағы хабарламалар тіркелген.
Соның ішінде: медиация тәртібімен татуласуына байланысты – 5, әкімшілік қамау – 2, ескерту жасау – 8, соттың қарауында -1, қорғау нұсқамасына алынған – 14 және қайталану – 1 дерегі анықталған. Соның ішінде мас күйінде жасалған -11, сау кезінде – 5 дерегі орын алуда.
Сонымен қатар, аудан көлемінде бөлімнің ЖПҚб-нің УПИ-ры және ӘЗЗҚт-ның қызметкерімен 2023 жылы – 52 қорғау нұсқамасы алынып, 5 азаматқа сот арқылы ерекше талап орнатылған.
Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырасаңыз, не болмаса туысыңыздың, құрбыңыздың, көршіңіздің зорлық-зомбылыққа ұшырағанына куә болсаңыз «102» жүйесіне немесе Қармақшы ауданы полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тоының инспекторына «87052081468» нөмеріне қоңырау шалып, көмек алуларыңызға болады.
Отбасындағы зорлық-зомбылық – сіздің өміріңізге ғана емес, жақындарыңыздың да өміріне төніп тұрған қатер. Сондықтан зорлық-зомбылық фактісін жасырмаңыз және полицияға дереу хабарласыңыз.

Қармақшы ауданы Полиция бөлімі
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы