» » Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілді

Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілді

qarmaqshy-tany.kz Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған құқық бұзушылықтардың жауапкершілігін қатаңдату туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ішкі істер министрлігі әкімшілік және қылмыстық кодекстерге бірқатар түзетулер әзірледі.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілді. Түзетулер әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жәбірленушілердің арызынсыз қозғауға мүмкіндік береді (яғни тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша).

ҚР ӘҚБтК-нің бірқатар нормаларын өзгертуді қарастыратын Заң жобасында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған құқық бұзушылықтар ӘҚБтК-нің 73-бабы (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер), ӘҚБтКнің 73-1-бабы 1-1 бөлігі (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) және ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-1 бөлігі (ұрып-соғу) бойынша құқық бұзушылықтар оларды тіркеудің өтінім беру сипатынан анықтау сипатына көшірілді, яғни аталған фактілер орын алған жағдайда жәбірленушінің арызынсыз бірден әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалатын болады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының, 73-1-бабының 1-бөлігі, 73-2-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық істі қозғау үшін себептер мен негіздер:

– уәкілетті лауазымды адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін тікелей анықтау;

– құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан келіп түскен материалдар;

– жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе арыздары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар.

Сонымен қатар тараптарды татуластыру рәсімі күшейтілді, енді бұл сотта бір рет қана мүмкін болады. Құқық бұзушы ӘҚБтК нормаларына сәйкес сотта келмеген жағдайда, ІІО судьясының ұйғарымы негізінде оның «әкеп жеткізу» жүзеге асырылады.

Қармақшы ауданы полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция капитаны Айнұр Шахзадақызы әйелдерге қатысты жасалған құқық бұзушылықтардың алдын алып, жәбірленуші азаматшаларға ақпараттық, құқықтық және психологиялық көмек түрлерін көрсетуде. Егер Сіз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырасаңыз, не болмаса туысыңыздың, құрбыңыздың, көршіңіздің зорлыққа ұшырағанына куә болсаңыз «102» жүйесіне немесе зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторына, 8-705-208-14-68 нөміріне қоңырау шалып, көмек алуларыңызға болады.
Отбасындағы зорлық-зомбылық – сіздің өміріңізге ғана емес, жақындарыңыздың да өміріне төніп тұрған қатер. Сондықтан зорлық-зомбылық фактісін жасырмаңыз және полицияға дереу хабарласыңыз.
Аудандық полиция бөлімінің
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің
әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы
30 шілде 2023 ж. 335 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 381
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 171

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930