» » Отбасындағы қатыгездікті қалай азайтуға болады?

Отбасындағы қатыгездікті қалай азайтуға болады?


#Ішкі істер бөлімдеріне күнделікті тіркелетін арыз-шағымдардың арасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатыстылар да аз емес. 2009 жылы қабылданған «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 2014 жылдың басында өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Заңда «қорғау нұсқамасы» ұғымы отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың бірі ретінде көрсетілген.
-«Қорғау нұсқамасы және ол кімге қатысты шығарылады?». Тұрмыстық зорлық-зомбылық дегеніміз отбасының бір мүшесінің екінші мүшесіне немесе бірге тұратын, бірге тұрған жақын туыстарына, бұрынғы күйеуіне, не бұрынғы әйеліне көрсеткен зорлық-зомбылық түрі. Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қорғау нұсқамасы шығарылған құқық бұзушы полиция бөлімінің профилактикалық есебіне қойылып, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық қайталанбауы үшін учаскелік полиция инспекторларымен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Мәселен, ағымдағы жылдың шілде айында Қармақшы АПб-не жергілкті тұрғыны көмек сұрап келген. Азаматшаның айтуынша, заңды некедегі күйеуі үнемі жан-жал шығарып, сөз келіспеушіліктер орын алып, содан қол көтеретіні анықталған. Аталған жәйт бойынша жәбірленуші күйеуінің үстінен арыз жазудан бас тартты, алайда күйеуінен қорғауын сұрады, бөлімнің ЖПҚб-нің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны А.Касимова құқықтық көмек көрсетіп, сондай-ақ «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған заңға сәйкес, жәбірленушінің айтуы бойынша құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылып, профилактикалық есепке алынып, 30 күн бойы профилактикалық іс-шара жүргізілуде. Құқық бұзушы қорғау нұсқамасын бұзған жағдайда тиісті жауапкершілікке тартылатын болады.
Қармақшы АПб-нің жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны А.Касимова тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және отбасының рөлін нығайту бойынша ұдайы түрде іс-шаралар ұйымдастырып, жұмыс атқаруда.
Жұбайлар тең құқылы және бірдей жауапкершілікке ие. Егер де Сіз отбасындағы зорлық-зомбылыққа душар болсаңыз үнсіз қалмаңыз! Сіздер үшін арнайы сенім телефоны тәулік бойы кез-келген нөмірден тегін жұмыс жасайды. Сенім телефоны: «102» арнасы немесе 8-778-283-09-54.

#Қармақшы АПб-нің ЖПҚб-сі ӘЗЗҚт-ы

22 шілде 2022 ж. 806 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 307
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 179

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031