» » Тұрғын үй бағасы қымбаттай ма?

Тұрғын үй бағасы қымбаттай ма?



Жақын арада тұрғын үй бағасы айтарлықтай көтерілмейді. Бірінші вице-премьер Роман Скляр осындай болжам жасады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 
«Жуық арада баға айтарлықтай өспейді. Әрине, ешкім кепілдік бере алмайды, бірақ тұрғын үй бағасының күрт өсуіне ешқандай маңызды алғышарт көріп тұрған жоқпыз», – деді Скляр мәжіліс кулуарында.
Оның айтуынша, қазір баспана бағасы тұрақты, әсіресе, Ресеймен шекаралас өңірлерде. Ол жақта құрылысқа қажетті материалдардың бір бөлігі Ресейден сатып алынады.
«Бәрімізге белгілі себептерге байланысты ресейлік материалдардың бағасы қазір бізге қарағанда анағұрлым төмен. Дәл қазір отандық құрылыс материалдарын өндірушілерді қолдау үшін шара қабылдайтын уақыт. Бағам құбылып тұр. Құрылыста пайдаланылатын материалдар – негізінен бізде өндірілген», – деді ол.
Скляр тұрғын үй нарығындағы жағдайға толық баға беру үшін уақыт қажет екенін атап өтті.
14 наурыз 2022 ж. 462 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 907
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 558

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930