» » Қазақстанда шекарадан өту ережелері өзгертілді

Қазақстанда шекарадан өту ережелері өзгертілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан 2020 жылғы 11 мамырдан бастап карантиндік шектеулер кезеңіндегі өту тәртібі өзгертілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

кеден

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өту шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша шектеулер енгізіледі, келесі адамдарды қоспағанда:
  1. шет мемлекеттердің дипломатиялық қызмет персоналы мен олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, олардың ата-аналары мен балалары);
  2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен Қазақстанға жіберілген ресми делегация және халықаралық ұйымдардың делегация мүшелері;
  3. Қазақстан Республикасында аккедиттелген халықаралық ұйымдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, олардың ата-аналары мен балалары);
  4. Қазақстан Республикасының қолданыстағы "С10", "В8" санатындағы визасы және қазақ ұлтына тиесілігі туралы белгісі бар жеке басын куәландыратын құжаттары (паспорт, жеке куәлік, туу туралы куәлігі және т.б. нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге) бар этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, ата – аналары мен балалары);
  5. поезд және локомотивтік бригадаларының, әуе және теңіз кемелері экипаждарының мүшелері және темір жол тасымалдау процестеріне, жүктерді және халықаралық қатынаста жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын поездарды қабылдау, тапсыру және алып жүру операцияларына қатысатындар;
  6. қазақстандық әуекомпаниялардың қызметкерлері (мәртебесін растаған жағдайда) және олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, ата-аналары мен балалары);
  7. Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік трансшекаралық құрылыстарда және шектес мемлекеттердің аумағындағы қазақстандық трансшекаралық құрылыстарда қызметтік міндеттерін атқаратын және куәландырылған атаулы тізімінде бар персоналдар;
  8. Қазақстан Республикасынан жалға алынған аумақтарда орналасқан әскери құрылымдар, өнеркәсіп бөлімшелері мен кәсіпорындардың құрамына кіретін Ресей Федерациясының азаматтары және олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, олардың ата-аналары және балалары), сондай-ақ әскери құралымдарға (бөлімшеге, өнеркәсіп кәсіпорынға) тиесілігі мен туыстық байланыстары расталған және Ресей Федерациясының уәкілетті мемлекеттік органдары мен ұйымдары берген жол жүру сертификаттары бар болған кезде, осы әскери бөлімдерге, бөлімшелер мен өнеркәсіптік кәсіпорындарына жіберілген Ресей Федерациясының азаматтары;
  9. "Байқоңыр" кешені мен Байқоңыр қаласының аумағына баратын– "Байқоңыр" кешенінде жұмыс істейтін, сондай-ақ Байқоңыр қаласында тұрақты немесе уақытша тіркелген мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың жұмыстың/қызметтің жарамдылығын растайтын құжатын/құжаттарын міндетті түрде ұсынатын Ресей Федерациясының азаматтары мен олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, олардың ата-аналары және балалары);
  10. бұрын шет мемлекетке шығып кеткен Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ адамның куәлігімен құжаттаған азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасына қайтып оралған кезде;
  11. жедел әдістермен емделуге ғана келетін (еріп келетіндер екі ересек адамнан аспайтын), Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардан (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тізім негізінде) жазбаша шақыруы барлар;
  12. туыстығын растайтын құжаттары болған кезде отбасы мүшелері мен жақын туыстарын (жұбайы (зайыбы), ата-аналары (ата-анасы), балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері) жерлеуге бара жатқандар, сондай-ақ қайтыс болған отбасы мүшелері мен жақын туыстарының мәйітін (мәйітін) жерлеу орнына бірге келетіндер;
  13. емдеу орнынан ауыр науқастығын растайтын құжаттары болған кезде ауыр науқастанған отбасы мүшелерін және жақын туыстарын күтіп-бағу үшін келетіндер (жұбайы (зайыбы), ата-аналары (ата-анасы), балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері) және олардың кәмелетке толмаған балалары;
  14. Қазақстан Республикасы аумағындағы оқу орындарында білім алып жүргендер (оқушылар, студенттер, тыңдаушылар, курсанттар), сондай-ақ олар оқу визаларын ұзарту, студенттік ID-карталарды ресімдеу, қазақстандық оқу орындарының шақырулары болған кезде емтихандар (тестілер) тапсыру үшін Қазақстан Республикасына келген жағдайда. Осы тармақшада көрсетілген мақсаттар бойынша келетін шетелдік азамат кәмелетке толмаған болса, оны ата-аналарының (қорғаншыларының немесе қамқоршыларының) алып келуге рұқсат етіледі.
Бұған қоса, Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты барлар және олардың отбасы мүшелеріне  – 30 тәулік ішінде 1 рет келуге рұқсат етілді.  
Қазақстан Республикасының азаматтарына 30 тәулікте 1 реттен артық емес мерзімде мемлекеттік шекарадан өтуге рұқсат берілсін. Сондай-ақ, аталған мерзім келесі Қазақстан Республикасы азаматтарына қолданылмайды:
  • еліміздің дипломатиялық қызметінің персоналы мен олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, олардың ата-аналары мен балалары);
  • Қазақстан Республикасы Үкіметімен келісілген және шет мемлекеттердің шақыруымен баратын Қазақстан Республикасының ресми делегация мүшелері;
  • қызметкер ретінде және олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, олардың ата-аналары мен балалары) мәртебесі расталған кезде - шет мемлекеттердің аумағында орналасқан Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдардың қызметкерлері;
  • Қазақстан Республикасының үкіметаралық фельдъегерлік байланыс қызметкерлері, мәртебесі расталған кезде;
  • поезд және локомотивтік бригадаларының, әуе және теңіз кемелері экипаждарының мүшелері және темір жол тасымалдау процестеріне, жүктерді және халықаралық қатынаста жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын поездарды қабылдау, тапсыру және алып жүру операцияларына қатысатындар;
  • Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік трансшекаралық құрылыстарда және шектес мемлекеттердің аумағындағы қазақстандық трансшекаралық құрылыстарда қызметтік міндеттерін атқаратын және куәландырылған атаулы тізімінде бар персоналдар;
Шекарадан өтуге рұқсат берілгендердің толық тізімін ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметінің шекара комитетінің сайтынан көруге болады.
07 ақпан 2021 ж. 495 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031