» » Қазақстанда корей кеспесін сатуға тыйым салынды

Қазақстанда корей кеспесін сатуға тыйым салынды

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов елге құрамында соя бар тамақ өнімдерін әкелуге және сатуға тыйым салу бойынша уақытша санитарлық шаралар енгізді. Енді Қазақстанда «Оттоги Рамен» компаниясының жылдам дайындалатын корей кеспесіне тыйым салынды.

«Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов Қазақстан аумағына Оттоги Рамен Ко өндіретін тез дайындалатын кеспелерді әкелуге және сатуға тыйым салу туралы қаулы шығарды», – деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің баспасөз қызметі.

Комитет мамандары өнімнің қауіпсіздігін мониторингілеу аясында қаптамасында өндірушісі Оттоги Рамен Ко (Оңтүстік Корея) деп көрсетілген, «Джин Рамен» атауы бар тез дайындалатын кеспелер ассортиментінде генетикалық түрлендірілген сояның шамадан тыс екенін (MON 89788 1,45% -дан 10,25% -ке дейін) анықтады.

«Тамақ өнімдерінде ГМО құрамының рұқсат етілген нормасы 0,9%-тен аспауы керек. Белгіленген талаптарға, оның ішінде Алиментариус кодексі халықаралық тамақ стандарттарына сәйкес құрамында 0,9%-тен астам ГМО бар тамақ өнімдері міндетті түрде таңбалануға жатады», – деді баспасөз қызметінен.

Оңтүстік Кореяда шығарылған осы өнімнің тұтынушылық қаптамасында құрамында ГМО-ингредиенттердің бар екені туралы ақпарат көрсетілмеген.

Қазір сауда желілерінен кеспелерді алып тастау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне меншік нысанына қарамастан, осы өнімдерді әкелу және сату қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерін хабардар ету тапсырылды.

Сондай-ақ, Қазақстанның тұтыну нарығын қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына хабарлама жіберілді.
15 қазан 2020 ж. 582 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 371
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 147

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930