» » 42 500 : кімге бұйырады?

42 500 : кімге бұйырады?

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ ЖҮРГІЗІЛІП, ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТҚАНЫНА БІР АПТА БОЛДЫ. БҰЛ ТӨЛЕМ ҮШІНШІ МӘРТЕ БЕРІЛІП ЖАТСА ДА СОЛ БАЯҒЫ БІТПЕЙТІН САУАЛДАР. КЕЙБІРІ ӘЛІ ДЕ БҰЛ КӨМЕКТІ КІМ, ҚАЛАЙ АЛАТЫНЫН БІЛМЕЙ ДАЛ. БІЗ ӘЗІРЛЕГЕН МАТЕРИАЛДА ОСЫ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРМЕКПІЗ

Ашығын айту керек, бірінші төленген жәрдемақыны талапқа сай емес адамдар алып, қалтасын томпайтты. Ал шын мұқтажы нанынан айырылған баладай бір бұрышта қалып қойды. Заңсыз алғандар жауапқа тартылады дегенді естігендер, жанын шүберекке түйіп, алғанын алғанымен қорға қайта аударды. Қайда барсаң «42 500», екі адамның басы қосылса айтылар әңгіме «42 500». Құдды отандық триллер. Ал кейде мелодрама. Қош. Бұл жолғы төлем бұрынғыдан өзгерек. Қалай деймісіз? Онда назар салыңыз.
Алдымен, әлеуметтік жәрдемақы карантин уақытында ақысыз демалысқа кеткен қызметкерлерге төленеді. Оның атынан өтініш жұмыс берушіден жолданады. Ал жұмыс беруші өзіне қойылған шарт бойынша барлығын жауапкершілікке ала отырып, тек төтенше жағдай уақытында тоқтаған жұмысы үшін ғана өтініш жіберуі тиіс. Оны да тексеретін орындар бар. Мәселен сол жердегі штабтар, Атамекен ҰКП өңірлік өкілдері тексереді. Сонымен қатар, бұл төлем карантинде жұмысы тоқтап қалған жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатындарға төленеді. Ал азаматтыққұқықтық сипаттағы келісім бойынша жұмыс істеп жүрген фрилансерлер өтінішті өздері береді. Бұл өтініш штаб арқылы өтпейді, тікелей жіберіледі. Бұл қатарға кәсіпкерлікпен ай сайын тұрақты түрде бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеп жүрген кәсіпкерлер де кіреді. Өз бетінше жұмыс істеп жүргендерге де жәрдемақыны алуға болады. Өзгергені – бастапқыдағыдай БЖТ төлемейтіні. Төтенше жағдай уақытында төлем ескеріледі.
Ал қандай санат көмектен қағылады? Мемлекеттік бюджеттен атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақы, зейнетақы, сақтандыру қорынан тиісті төлем алатындар бұл төлемді алмайды. Әрі бейресми жұмыс істегендер қатарына енбейді. Егер ресми жұмыс істесе, демек өтініш білдіруге болады. Айта кеткен жөн, ресми кәсіпкерлігі бар болса, өзі жеке кәсіпкер ретінде өтініш қалдыруға мүмкіндік қарастырылған.
Жұмысынан жақын аралықта босатылғандар төлемақыға ілікпейді. Алдымен олар жұмыспен қамту орталығына байланысуы керек. Ал мұнда оларға ашық қызмет түрлері мен басқа да жұмыспен қамту шарасын ұсынады. Егер оған лайық жұмыс кезікпесе, үш күн уақытта жұмыссыз болып тіркеледі. Сонда оған Мемлекеттік сақтандыру қорынан жағдайына байланысты басқа төлемдер қарастырылады.
Ал бұл төлемді алуға студенттер немесе декреттегі аналар деген санат ашпаған. Расымен студентке оның студент болғаны үшін жәрдемақы берілмейді ғой? Болады, егер ол студент бола тұра жалданып жұмыс істеген болса. Оның үстіне карантин уақытында жұмыссыз қалса. Міне сол кезде ғана жұмыс беруші оның атынан өтініш береді. Ал егер студент жеке кәсіпкер болып, ай сайын БЖТ төлеп жүрген болса, ол жағдайда да 42500 теңге алады. Осы күнге дейін бейресми жұмыс істедім деп бір рет БЖТ төлеген студенттер 42500 теңге ала алмайды. Ал декреттегі әйелдерге ереже өзгеріссіз қалады. Бала бір жасқа толғанша декреттегі әйел мемлекеттен немесе сақтандыру қорынан жәрдемақы алып жүреді. Сондықтан, оларға 42500 теңге берілмейді. Демек сіз табысыңыздан айырылған болсаңыз студент болсаңыз да, декретте отырсаңыз да 42500 теңге аласыз. Әрине егер тексеріс кезінде жұмысыңыздан айырылғаныңыз расталса.
Министрлік алдымен наурыз айы мен сәуірдегі жәрдемақыны сәтті алған тұрғындарды сараптаған. Ал сол кезеңдегідей жағдайы өзгермегендерге қайта сұрау жіберілуде. Мысалы, ол адамға «Сіз өткенде 42 500 теңге алдыңыз, бұл жолы да табысыңыздан айырылдыңыз ба?» деген СМС хабарлама келеді. Егер ол адам расымен сол жағдайдан әлі шыға алмаған болса, табысынан тағы айырылса әлгідегі хабарламаға «Иә» деп жауап береді. Сол кезде ол ешқандай өтінішсіз-ақ төлемақыға қол жеткізеді.
Ең маңыздысына оралайық. Санатқа ендіңіз, төлем алуға толықтай құқығыңыз бар. Ал өтініш беру үшін не істеу керек? Алдымен өтініш беруге арналған арнайы порталдарға кіресіз. Бірі – Egov. kz болса, екіншісі – 42500.enbek.kz порталы. Бір қызығы 42500.enbek.kz порталына кіріп өтінім бергендер қатары бір уақытқа сыя алады. Мәселен мұнда 75 мыңдай азамат бір мезетте кіріп, өтініш қалдыра алады. Ал азаматтарға ыңғайлы болу үшін өтінімдерді қабылдау әр кезеңмен жүзеге асады. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын адамдар үшін СМС хабарламаларды жіберу арқылы біржолғы төлемді тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсетіледі. Egov. kz – «электрондық үкімет» веб-порталы, 42500. enbek.kz порталы, telegram-bot-tap-тардан өтініш беруге болады. Ал ол қыркүйекке дейін қабылданады. Айта кеткен жөн, бір ғана порталдан бір рет қана өтініш қалдырылады. Сондайақ екінші деңгейлі банктердің қалтафондағы қосымшалары арқылы, Aitu мессенджерінде 42500.enbek.kz қосымшасы арқылы да өтінім беруге болады. Егер сіз Халық банктің қалтафондағы "Homebank" қосымшасы арқылы бергіңіз келсе алдымен "Homebank" қосымшасын жаңартыңыз. Әзірге Android қосымшасы арқылы өтінім беруге болады. Ал алдағы уақытта iOS үшін де бұл қызмет іске қосылады. Одан ары қосымшаға логин мен құпия сөз енгізіп кіріңіз. "Қызметтер" бөліміндегі "Жәрдемақыға өтінім беру" батырмасын басыңыз. Болды. Ал Каспий банктың kaspi. kz қосымшасында «42 500 теңгеге өтінім беру» батырмасын басасыз. Ол басты беттің жоғарғы жағында тұрады. Содан соң қойылған сұраққа жауап беріп, өтінімді жібересіз.
Бастапқыдағыдай кез келген адам өтінім беріп, төлемге қол жеткізе алмайтыны бар. Себебі жалған мәлімет беруші мойнына ауыр жүк алады. Егер мұндай төлемді тиісті емес адам алса, қор қаражатты кері қайтаруға талап қоя алады. Ал жұмыс беруші жұмысы тоқтамаған қызметкеріне өтініш қалдырса, бұл – нағыз заңбұзушылық. Ондай жағдайда іс сотқа жетуі мүмкін. Ал сотқа жетсе қалғаны заң бойынша шешіледі.

Айнұр ӘЛИ
25 шілде 2020 ж. 646 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031