» » 42 500 теңгелік төлемге қатысты өтініш қабылдау тоқтатылды

42 500 теңгелік төлемге қатысты өтініш қабылдау тоқтатылды

 42 500 теңге төлем туралы 11 мамырға дейінгі тапсырылған өтініш міндетті түрде қаралып, ережеге сәйкес болса тағайындалып, төленетін болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде айтылды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.


«42 500 теңге төлем – төтенше жағдай режиміндегі шектеулерге қатысты жұмыс істеп жүрген азаматтардың табысынан, жалақысынан айырылған жағдайда төленеді. Осы күнге дейін барлығы 4 млн 539 мың адамға осы төлем тағайындалып, төленді. Оның жалпы сомасы 193 млрд теңге. Оның ішінде осы төтенше жағдайдың бірінші айында, яғни 16 сәуірге дейін 3 млн 735 мың адам өтініш берген. Осы адамдар екінші айға да төлем алуға құқылы. Мамыр айының басында ол төлемдерді іске асыра бастадық», – дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Оның айтуынша, 5-6 мамыр күндері 2 млн-ға жуық адамға төлем рәсімделген.

«Бұл төлем қалғандарына да берілетін болады. 11 мамырда төтенше жағдай режимі аяқталды, сондықтан бүгіннен бастап 42 500 теңгеге қатысты өтініштерді қабылдауды тоқтатамыз. Ал 11 мамырға дейінгі өткізілген өтініштер міндетті түрде қаралып, ережеге сәйкес болса тағайындалып, төленетін болады», – дейді ол.
11 мамыр 2020 ж. 929 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 410
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728