» » Отбасы құндылығы – татулықта

Отбасы құндылығы – татулықта

ЖОСАЛЫ, 7 наурыз – qarmaqshy-tany.kz Қазіргі таңда дау көбейді. Кез келген ұсақ-түйек даушар, отбасылық ажырасу сынды мәселелермен сотқа жүгінетіндердің саны артты. Оған бірден-бір себеп – меншік түрлерінің молаюы, нарықтық қатынастардың орнауы және халықтың құқықтық сауаты мен талабының артуы. Соның ішінде отбасылық дау мәселесі етек жайып барады.
   Осыған орай аудандық сот өкілі мен билер кеңесінің мүшесі аграрлы-техникалық колледжде студенттермен кездесу өткізді. Онда «Отбасын сақтау – кәмелетке толмаған баланың құқығын қорғау» тақырыбында дәріс оқылды. Аудандық сотының судьясы Е.Құтыбаев осы мәселе аясында студенттермен ашық әңгіме жүргізді. Отбасын сақтау, балалардың толық отбасында тәрбиелеу, оларға қиын өмірлік жағдайларда тегін құқықтық және психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ ажырасуға келген ерлізайыптыларға да психологиялық көмек беру, сотта татуласу орталығына жіберіп, некені бұзбай сақтап қалу керек екенін айтты.
   Екі жақтың бітімгершілікке келуіне медиацияның да көп көмегі бар. Бүгінде билер кеңесінің мүшесі, медиатор Ө.Өміртаев жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен ұлттық дәстүрді, әдет-ғұрыпты, ата-бабалардан қалған насихат мұраларын жастардың санасына сіңіре білу басты міндет екенін жеткізді.
   Жиында қатысушыларға «Отбасылық сот» пилоттық жобасы негізінде түсірілген бейнебаян көрсетілді. Студенттер судьяларға өздерін толғандырған сауалдарын қойып, пікірін тыңдады.

Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
07 наурыз 2020 ж. 571 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 407
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728