» » » 370 адам қайтарымсыз несие алды

370 адам қайтарымсыз несие алды

qarmaqshy-tany.kz Қазіргі таңда аудан тұрғындары үшін басты мәселе – жұмыс көзін табу, оның ішінде мемлекеттен қолдау көрсетіліп жатқан қайтарымсыз грант арқылы кәсіпкерлікпен айналысу. Осы ретте, аудан бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаның өңірімізде қалай іске асырылып жатқаны туралы аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Орынбек Мұнарбаевпен жолығып, тілдескен болатынбыз.
– Құрметті Орынбек Жұмағалиұлы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жыл сайынғы Жолдауларында ел мүддесіне арналған түрлі бағдарламаны жүзеге асыруға тапсырмалар беріп келеді. Солардың бірі – қазақстандықтардың, оның ішінде жастар арасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыссыздықты азайту болып табылды. Осы мақсатта нендей жұмыстар атқарылуда?
– Иә, Мемлекет басшысының Жолдауларында берілген нақты тапсырмаларға сәйкес көптеген іргелі істер атқаруда. Тіпті мемлекеттік бағдарламалар арқылы азаматтарды, оның ішінде жастардың пайдалы іспен айналысуына қолдау көрсетілуде. Есепті кезеңде аудан тұрғындары арасында жұмыссыздық және олардың жұмыспен қамтылу деңгейі туралы айтсақ, жұмыс іздеуші ретінде біздің орталыққа хабарласқан 3167 тұрғын болса, оның 1185-і жұмыссыз жас. Нақтысын айтқанда, жұмыс іздеуші ретінде тіркелген тұрғын саны – 2200, ал жастар бойынша – 657. Сонымен қатар, қараша айының 1-ші жұлдызында аудан бойынша есепте тұрған 1842 адам жұмыссыз болып тіркелсе, онда жастардың үлесі 570 болды. Жыл көлемінде біздің мекеме арқылы жұмысқа орналастырылған 564 тұрғынның 143-і жастар болып отыр.
– Ендігі кезекте мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауда көрсетіліп жатқан қысқа мерзімді кәсіптік оқулар туралы айтып өтсеңіз?
– Биыл ауданның жұмыссыз тұрғындары мен жастары арасында жұмыссыздықты азайту мақсатында қысқа мерзімді кәсіптік оқулар ұйымдастырылып, оған 30 адамды оқытуға облыстық бюджеттен қаржы қаралды. Аудан бойынша 4 жұмыс берушіден 30 адамға өтінім түскен болатын. Атап айтқанда, ЖК «Омарова» жеке кәсіпкерлігі аспазшылыққа, «Әмбебап», «Оспанова Р» ЖШС тігінші мамандығына, сонымен қатар тас қалаушылыққа ЖК «Усенов Қ» жеке кәсіпкерлігінен өтінім түскен болатын. Осыған сәйкес үш мамандық бойынша аграрлы-техникалық колледжіне жұмыссыз 30 адам жолданып, олар өздері қалаған мамандығы бойынша біліктілігін жетілдіріп, жоғарыда аталған жұмысқа жіберілді. Оның ішінде жастар үлесі 5 адам. Сонымен қатар «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік курсында есепті мерзімде онлайн негізінде білімін жетілдірген 649 адам оқуын аяқтады.
– Биыл аудан тұрғындарына мемлекеттен қайтарымсыз грант берілді. Әсіресе, бұл жоба өңіріміздің орта және жас буыны үшін тиімді болып тұрғандай. Бұл тұрғыда сіздің айтарыңыз?
– Орынды қойылған сұрақ. Мемлекет тарапынан қазақстандықтарды қолдауға бағытталған бұл жобаны жүзеге асыруға, яғни жаңа бизнес идеяларды іске асыруға республикалық бюджеттен 400 айлық есептік көрсеткіш бойынша 349 адамға 213797000 теңге, ұлттық қордан 214968000 теңге қайтарымсыз грант бөлінген болатын. Оның ішінде жастарға республикалық бюджеттен 158 адамға 36756000 теңге, ұлттық қордан 99216000 теңге қаралған. Барлығы 349 адамға 428 765 000 теңге және де осы бағытта 21 адамға қосымша қаржы қаралады. Нақтысын айтқанда, жыл басынан бері қармақшылық 370 тұрғын қайтарымсыз грант алып, бүгінде өз кәсіптерін дөңгелетіп отырған жайы бар. Жекелеп айтқанда І лекке қайтарымсыз грант алуға онлайн түрде 9 адам өтініш берді. 29 жасқа дейін 2 адам, әлеуметтік осал санаттағы 7 адам. Комиссия отырысының қорытындысымен 7 азамат бизнес жобасын қорғап, комиссия тарапынан оң шешімін тапты, оның 1-еуі жас азамат. Сонымен қатар ІІ лекте онлайн түрде қайтарымсыз грант алуға өтініш берген 177 азаматтың комиссия қорытындысымен 120-сы бизнес жобасын қорғап, оң шешімін тапты, оның ішінде жастары 52 адам, АӘК алушы 4 адам, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар 18 адам, көпбалалы отбасы мүшелері 38 адам, мүмкіндігі шектеулі балаға қараушы 6 адам, асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алушы 2 адам. Сонымен қатар ІІІ лекке қайтарымсыз грант алуға онлайн түрде 160 адам өтініш берді. Комиссияның қорытындысы бойынша 103 адам бизнес жобасын қорғап, оң шешімін тапты, оның ішінде 52 жас, АӘК алушылар 1 адам, мүмкіндігі шектеулі тұлға 8 адам, көпбалалы отбасы мүшесі 32 адам, мүмкіндігі шектеулі балаға қараушы 7 адам, асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алушы 1 адам өтініш беріп, қолдау тапты. Сонымен қатар, ІV лекке қайтарымсыз грант алуға онлайн түрде 281 адам өтініш берсе, комиссия қорытындысымен 140 адам бизнес жобасын сәтті қорғаған. Оның ішінде 53 жас, АӘК алушы 6 адам, мүмкіндігі шектеулілер бойынша 17 адам, көпбалалы отбасы мүшелері арасынан 48 адам, мүмкіндігі шектеулі балаға қараушы 13 адам, ал асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алушы 3 адам қолдау тапты.
– Осы ретте, Президентіміз жастар саясатын қолдауда түрлі бағдарлама арқылы оларға қолдау көрсетуде. Сондай игі қолдаулардың бірі – мемлекеттік «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып өтсеңіз?
– Мемлекеттік «Жастар тәжірибесіне» биыл республикалық бюджеттен 89 адамға 40891000 теңге, облыстық бюджеттен 2021 жылдан 2022 жылға 2392000 теңге жалғастырушыларға төленсе, Ұлттық қордан 60059000 теңге төленіп, бүгінде сол жас мамандарымыз мамандықтары бойынша қызмет атқаруда. Осы жоба аясында республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан 111 жас маман, 44 мекемеге жолданып, 4 адам аяқтап, оның ішінде 3 жас тұрақты жұмыспен қамтылды.
– Ал енді басқа да мемлекеттік жобалар аясындағы жұмыстар жайын сөз етсек?
– Ауданда «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша облыстық бюджеттен 24 адамға 8822000 теңге, Ұлттық қордан 13611000 теңге қаралып, ол жоспарға сәйкес 6 жас маман ЖК «Скакова», «Иіркөл», «Рабиға» шаруа қожалығы, No9 «Достық» бала-бақшасы және аудандық жыраулар үйіне жұмысқа қабылданды. Сонымен қатар биыл қоғамдық жұмысқа 675 адам жолданды, оның 91-і жастар үлесіне кіреді. Республикалық бюджеттен 216 адам 62 мекемеге жолданып, 32 адам аяқтап, оның ішінде 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Жергілікті бюджеттен 318 адам, 30 мекемеге жолданып, 42 адам аяқтап, оның ішінде 26 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Ұлттық қордан 141 адам, 54 мекемеге жолданып, 8 адам аяқтап, 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал әлеуметтік жұмыс орындарына республикалық бюджеттен 50 адамға 25500000 теңге қаралса, 11 кәсіпкерлік субьектіге 18 адам жолданды. Сонымен бірге «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына облыстық бюджеттен 4 адамға 1109000 теңге қаралған болса, «Күміс жас» жобасына Ұлттық қордан 15 адамға 17014000 теңге қаралды және жоспарға сәйкес 1 адам «Дәуіт» шаруа қожалығына жолданды. Келесі кезекте «Онлайн – оқу курстары» бойынша жоспарланған 62 адамның орнына 14 кәсіп түрі бойынша барлығы 98 адам оқытылды, оның ішінде 20-сы жастар.
– Әңгімеңізге рақмет.
Сұқбаттасқан Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
24 қараша 2022 ж. 969 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 100

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031