Рүстем Маматұлы, аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, қорғаныс майоры: Жастар отан қорғауда жалындап тұрсын
Әскер – мемлекеттің айбыны. Бетке ұстар айбары. Өрекпігеннің мысын басар қаруы. Халқының қорғаны, тәуелсіздіктің күзетшісі. Сол себептен де халық батыры, Ұлы Отан соғысында толарсақтан қан кешіп жүріп Отанын қорғаған Бауыржан Момышұлы "Отан үшін отқа түс, күймейсің" дейді. Елдің тыныштығы мен бейбітшілігін күзеткен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына биыл 30 жыл толып отыр. Осыған орай сала бойынша өңірде атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысу мақсатында аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, қорғаныс майоры Рүстем Тұрғановпен сұқбаттасқан болатынбыз. Төменде оқырман назарына сұқбатымызды ұсынамыз.
– Көпшілік білетіндей, әскери қызметкердің еңбек жолы өңірлерге жиі ауысып тұратымен белгілі. Сіздің Қостанай өңірінен екеніңізді шет жағалатып білеміз. Өмір жолыңызбен кеңірек таныстыра отырсаңыз артық болмас еді?
– Мен 1975 жылы Қостанай облысының Торғай селосында туғанмын. Торғай деген жерді білетін шығарсыздар, ол да Қармақшы топырағы секілді киелі мекен. Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Ыбырай Алтынсарин сынды қазақтың мемлекет қайраткерлерін дүниеге әкелген өлке. Оның сыртында Шақшақ Жәнібек, тағы басқа да батыларымыз бен Ғафу Қайырбеков, Қайнекей Жармағамбетовтей ақын-жазушылардың, ұстаздардың кіндік қаны тамған өңір. 1992 жылы сол Торғай селосында Ыбырай Алтынсарин атындағы мектепті бітіріп, Ақмола қаласындағы Қаржы үнемдеу колледжіне оқуға түстім. Сонда жүріп әскер қатарына алындым. Академиялық демалыстан келген соң оқуымды аяқтап, азаматтық жұмыстар істедім. Салық, спорт саласында еңбек еттім. 2003 жылы келісім-шартпен Жангелдин ауданына әскери қызметке шақырылдым. Әскери комиссариатқа сержант болып жауапты қызметке тағайындалдым. 2006 жылы офицерлік қызметке өтсем, 2008-де Қамысты ауданына, 2014-те Лесаковск қаласына қызметке ауыстым. 2018 жылы осы Қармақшы ауданына жасақтау тобының бастығы болып келдім. 2019 жылдың көктемінде Қармақшы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы қызметіне тағайындалдым. Мені көп ойландыратын, толғандыратын мәселе – біздің ауыл мен Қармақшы жерінің ұқсастығы. Оның ішінде салт-дәстүрді ұстануы, қазаққа өнеге болған белгілі тұлағалардың көп шығуы тәнті етеді. Тоғай елінен иісі түркінің абызы атанған Қорқыт бабаның, үш жүзге пір болған Марал ишан, тоқсан түйе томарға күймеген әулие Ер Сейітпенбет бабалардың, сондай-ақ 100 шайыр шыққан қасиетті елге келіп қызмет етіп жатқаныма қуаныштымын. Жұмыс бабында өз қызметімізді жасап жатырмыз. Осы кезге дейін аудандық қорғаныс істері бөлімі тек қана алғы шепте көзге түсіп келеді.
– Адам үшін әрбір мамандық маңызды. Әрқайсының өз орыны бар. Сіздің әскери мамандықты таңдауыңызға не түрткі болды?
– Менің туған күнім – 10 қарашаға келеді. Бұл күн Кеңес үкіметінде милиция күні болатын. Сонда бала кезімде ойлайтынмын, форма киемін, милиция боламын, әскери боламын деп балалықпен көп армандайтын едім. Мектеп бітіргенімде ата-анамның көрсетуімен салық мамандығын таңдадым. Қатарыммен бірдей әскери борышымды өтедім. Бірақ арман алдамайды екен. Айналып келгенде өмірлік таңдауым әскери салаға түсті. Тағдырыма қуанбасам, өкінбеймін.
– Негізгі тақырыбымызға оралсақ. Бөлімде қандай жұмыстар атқарасыздар, жастарды әскерге тартуда қандай насихаттық жұмыстар жүргізесіздер?
– Бөлімнің жұмысы – жұмылдыру, азаматтарды мерзімдік әскери қызметке жіберу, келісім-шарт бойынша әскери қызметке тағайындау, әскери-оқу орындарына қабылдауға құжаттар дайындап, тілек білдірген түлектердің оқуға түсуіне қолдау білдіру, соларға үгіт-насихат жүргізу. Әскери-техникалық мектептерін (ақылысы, қырық күндігі бар) де жоғары сынып оқушыларына үгіт-насихат жасаймыз. Сондай-ақ әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілерді есепке алумен, запастағы офицерлердің есебін жүргізумен айналысып, жиындар өткіземіз. Бұл да біздің жұмыстың бағыты есептеледі. Өзім қызмет атқарған уақыттарда аудандық бөлім облыс көлемінде алдыңғы шептен көрінуде. Енді жастарды қызықтыруға келетін болсам, жалпы жылына екі мәрте әскерге шақырылым ұйымдастырылады. Осы науқанда 100-дей баланы әскерге жібереміз. Шынына келгенде, әскерге барғысы келетін де, барғысы келмейтін де жастар бар.Мұндайда насихат жұмыстарына аса көңіл бөлінеді. Оған бізге аудандық білім, ішкі саясат бөлімдері мен кент, ауылдық округ әкімшіліктерінен қолдау білдіріліп отырылады. Бір сөзбен айтқанда, қоғам болып атсалысамыз. Әскерге шақыруды – бір ғана қорғаныс бөлімінің жұмысы деп ұғу қателік. Осы атқарылатын шаруалармен қоса, Въетнам, Ауған, Тәжік-ауған соғыстарының ардагерлері, Чернобыль, Невада-Семей ардагерлері бар, осы кісілердің барлығы жастарымыздың Отан алдындағы борышын өтеуге баруға бірлесіп өз үлестерін қосуда. Іс-шаралар, кездесулер өткізіледі. Соның нәтижесінде берілген тапсырысымызды толыққанды орындап, жоғары деңгейден көрінудеміз.
– Қалай ойлайсыз, балалардың патриоттық сезімін қалыптастыруды қанша жастан бастап қолға алу керек?
– «Ел боламын десең – бесігіңді түзе», «Отан – отбасынан басталады» дегендей, отбасында бала дүниеге келгеннен бастап патриоттық тәрбие беріле бастауы керек. Одан соң балабақша, мектептерде елжандылыққа, Отансүйгіштікке арналған іс-шара, жобалар бар. Кейде жасөспірімдер әскерге барудан жалтарып жатады. Маман ретінде ұстаздармен кездескенде «балаларды патриоттық сезімге, елжандылыққа тәрбиелеуге міндеттісіздер» деп айтып жатамыз. Себебі, олардың әскерге деген қызығушылығы орта мектептегі ұстаздарына да бек байланысты. Мектептен тыс Жастар ресурстық орталықтарында да жүйелі жұмыстар көрініс тауып жатса, нұр үстіне нұр. Патриоттық тәрбие алдымен үлкенді сыйлаудан басталады. Ол дегеніміз – ата-ананы құрметтеу, тарихты білу, ата-бабаның ұрпаққа аманат етіп кеткен жерін қорғау. Қазір қоғамның қай мүшесі де әлеуметтік желіге жегілген. Оның арасында балалар мен жастардың ара-салмағы тіптен жоғары. Сол желідегі ақпараттардың дені бұрмалаушылыққа ұшырап жатады. Сондай жалған ақпараттарға ермей, өзіміздің төл тарихымызды құрметтеп, еліміз бен жеріміздің болашағына жанымыз ашуы қажет. Оған әрине, алдымен отбасындағы ата-ананың әсері маңызды рөл атқармақ. Өйткені баланың ет жақыны ата-ана болғандықтан өнегелі әңгімелер жанұядағы дастарқан басында айтылса, бұдан ұтпасақ, ұтылмасымыз сөзсіз.
– Қармақшы топырағы Қорқыт бабаның киесі қонған, ақын-шайырлар мен жыраулардың мекені деп атаймыз. Десе де, туған жерден түлеп ұшқан әскери қызметкерлеріміз де аз емес секілді?
– Кеңес Одағының Батыры Тәйімбет әкеміз шыққан жер. Ол кісінің есімі мектеп, ауыл, көшелерге берілген. Халықаралық көлемде спорттық мемориал өтеді. Одан бөлек, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасарлығына дейін тағайындалған қармақшылық генерал-майор Бақыт Құрманбаев ағамыз, ағайынды полковниктер Ғабит, Болатбек Жүсіпалиевтер, өмірлерін әскери саланың ыстық-суығына арнаған Мыңділда, Ерділда Ршауов ағаларымызды құрметпен атаймыз. Одан бөлек бітімгершілікке 12 азаматтың қатысқанын мақтанышпен айтуға болады. Жерлесіміз Ардақ Қазиев бауырымыздың да есімі елеулілер қатарында. Ол шекара қызметінде жұмыс істеп жүргенде арнайы операция кезінде ерлікпен қаза тапқан жерлесіміз. Сондай-ақ әскери бөлімнің десанттық-шабуылдау баталоны командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары, майор Оралхан Ерекешов, республикалық "Жас ұлан" мектебінің бастығы, полковник Нұрлыхан Ерекешовтер жоғары лауазымда қызмет етіп жүрген азаматтарымыз. Осындай Въетнам, Ауған, Тәжік-ауған, Чернобыль, Невада-Семей, таулы Қарабақ, Таяу Шығыс, Ливан, басқа да көптеген әлемдік деңгейдегі бітімгершілікке қатысқан азамат-ағаларымыз шыққан жердің жастары патриот болмауға, елін сүймеуге ешқандай қақылары жоқ деген ойдамын.
– Ауданда әскери борышын өтіп жүрген жастарға қатысты орын алған келеңсіз жағдайлар кездесті ме?
– Құдай сақтасын, ондай жағдай бізде орын алған емес. Керісінше, әскерге барған азаматтарымыз жақсы жағынан көрініп, өздері де, олардың ата-аналары да марапатталып жатқан деректермен толығуда.
– Сіздер жүргізген насихаттық жұмыстардың қандай да бір ауыз толтырып айтарлық нәтижелер бар ма?
– Былтырғы оқу жылының қорытындысында 7 баламыз әскери оқу орынына түсті. Биыл да 15 бала ниет білдіруде. Ауданның қорғаныс істерін басқарған және осы саланың ілгерілеуіне еңбек сіңірген ардагерлеріміздің еңбегі өлшеусіз. Олардың қатарынан зейнеткерлер Мыңділда Ршауов, полковник Нұрғожин, запастағы подполковник Нұрдәулет Бердібеков, Дәурен Айдарәлиев, подполковник Назық Қайырлапов, Мұратбек Зібайраев, Ақкеніш Ибраева, ??Мұратова, тағы басқаларын атап өткім келеді.
– Отан үшін де отбасы – басты құндылық саналады. Жанұяңыз жайлы айтып өтсеңіз, әскери өмірдің қиындығына шаыамай, сынып кететін де шаңырақтар бар ғой?
– Егер ер мен әйел бір-бірімен тату-тәтті түсінікте өмір сүретін болса, ешбір шаңырақ шайқалмайды. Біздің отбасымыз сыйластыққа құрылған. 1991 жылы зайыбым Алмагүл Тоқтарқызымен шаңырақ көтергенбіз. Гаухар есімді қызымыз бар. Оның есімін мақтанышпен айта аламын. Гаухар Франция, Болгария, Эстония, Ресей, басқа да ондаған шет мемлекетте ел намысын қорғап, вокальдық ән айтудан Гран-при иегері атанған өнерпаз. Ұлымыз Ернар – өткен жылы техникалық колледжді бітірді. Спортқа бейім. Қазақша, дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер. Қазіргі таңда Таразда Отан алдындағы қасиетті борышын өтеп жүр. Ол жақта да спорттық жарыстарға қатысуда. Одан кейінгі кенжеміз Заңғар мектепте оқиды.
– Жастарымызға әскери мамандық иесі атану үшін қандай кеңес берер едіңіз?
– Біріншіден, оған денсаулық жағынан жарамды болуы, екіншіден Ұлттық бірыңғай тестілеуден 50 баллдан кем болмауы қошталады. Үшіншіден, психологиялық тестілеуден өтуі тиіс. Оқуға түскен адам оқу, тұру, киім, мүлік, 4 мезгіл тамақпен мемлекет тарапынан қамтамасыз етіледі. Оқу бітіргесін де жұмыспен, тұрғын жаймен мәселе болмайды. Басқа да медициналық жеңілдіктер қарастырылған. Ипотекамен үй алу, пәтерақысын төлеу секілді пакеттермен қамтылады. 47 жаста зейнетке шығады. Арнайы әскери оқу оқымаса да, әскери борышын өтегендер келісім-шартпен жұмыс істеуіне мүмкіндігі бар.
– Еліміздің Қарулы Күштерінің отыз жылдығы. Осыған орай мерекелік лебізіңіз?
– Биыл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы даталы мерекені атап өту жоспарлануда. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнінің құрылуының өзінде үлкен мән бар. Одан кейін 9 мамыр – Ұлы Жеңістің мерекесі келеді. Осы күндерге орай бөлім тарапынан ардагерлерімізге құрмет көрсету, жеке құрамның адамдарын марапаттау, аудан, облыс бойынша салтанатты іс-шаралар жоспарланған. Аудан халқын шын жүрегіммен осы айтулы мерекемен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын. Елін сүйетін, жерін сүйетін жастарымыз көп болғай. Және оларға айтарым, ер азамат елдің тірегі болған соң Отан қорғау ісінде жалындап тұруы керек. Бойында жігері тасыған жастың рухы қашанда биік те берік болмақ. Ал рухы мықты ел әлемдік сахнадан ойып өз орын ала алатын болады!

Сұқбатты жүргізген Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК