» » » ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҒУ: зейнетақы қалай есептеледі?

ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҒУ: зейнетақы қалай есептеледі?

Зейнет жасы. Ұзақ жылғы бейнеттің қызығын көретін уақыт осы кез. Үлкендер арасында немере-шөберенің қуанышымен қоса, зейнетақы жайында да қызу талқы жүріп жататыны жасырын емес. Көпшілік ішінде жиі сөз етілетін зейнетақы айналасындағы әңгімені бүгін біз «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы  аудандық бөлімінің басшысы Әділхан Мырзақұловтан сұрап білген едік.
– Әділхан Сейітжанұлы, Қазақстан Республикасында ер адамдардың зейнет жасы 63 жас екенін жақсы білеміз. Ал әйелдер неше жастан зейнетке шығуға құқылы?
– Қазақстан Республикасында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ерлер мен әйелдердің зейнет жасын теңестіру жұмысы басталып, ол 2027 жылға дейін әйелдердің зейнет жасына жарты жылдан қосылып отырады. Атап айтқанда, 2021 жыл 1 қаңтардан 60 жас, 2022 жыл 1 қаңтардан 60,5 жас, 2023 жыл 1 қаңтардан 61 жас ...
– Жалпы зейнеткерлікке шығар­да әйел азаматшаларға қандай да бір жеңілдіктер қарастырылған ба?
– Әрине, қарастырылған. Мәселен, 5 немесе одан да көп баланы 8 жасқа дейін тәрбиелеп өсірген аналар 53 жасында зейнетке шығуға құқығы бар. Семей ядролық сынақ полигонының төтенше және радиация кәуіпі ең жоғары аумақтарында 1949 жылдың 29 тамызынан 1963 жылдың 5 шілдесі аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған әйелдер 45 жастан шығуға құқылы.
– Қазақстан Республикасында зейнеткерлердің ең төменгі зейнет­ақы мөлшері қандай?
– 2021 жылдан бастап ең төменгі Мемлекеттік базалық зейнетақы 18524 теңге, бұл еңбек өтіліне байланысты көбейеді. Ең жоғары мөлшері 34302 теңгеден аспайды және ең төменгі ынтымақтық зейнетақы әйелдер үшін еңбек өтілі 20 жыл, ер адамдар үшін 25 жыл болғанда 43272 теңгені құрайды.
– Тағы бір зейнетке шығушылар үшін маңызды сұрақ – елімізде зейнеткерлікке шыққанда еңбек өтілі қалай есептеледі?
– Жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық көлемде белгіленген жасқа толғанда мынадай санаттармен тағайындалады: бірінші, ерлерге – 1.01.1998 жылға дейін кемінде 25 жыл еңбек өтілі болған кезде, екіншіден, әйелдерге – 1.01.1998 жылға дейін кемінде 20 жыл еңбек өтілі болған кезде.
Жасына байланысты толық емес көлемдегі зейнетақы төлемдері толық зейнетақы төлемінен 1.01.1998 жылғы еңбек өтіліне пара-пар үлес ретінде есептеледі.
– Ал енді зейнетақы мөлшері қалай есептеледі?
– «Қазақстан Республикасы Зейнет­ақымен қамсыздандыру туралы» 21.06.2013 жылғы №105 заңына сәйкес, жасына байланысты зейнетақы есептеу кезінде 1.01.1998 жылға дейін еңбек өтілін және орташа айлық табысы 1.01.2021 жылғы 134182 теңгеден аспайды, бұл 46 АЕК-тен аспау керек. Мысалы, еңбек өтілі толық көлемде 1.01.2021 жылғы еңбекақылары 134182 теңгеден асқандарға 134182*60 процент 80510 теңге әйелдерге толық емес өтілі талап етілетін еңбек өтілі болған кезде, ал орташа айлық табыс болмағанда зейнетақының ең төменгі мөлшері 2021 жылғы белгіленген республикалық бюджеттен бекітілген сома бойынша 43272 теңге тағайындалады.
– Қазақстан Республикасында зейнеткерлікке шығар кезде еңбек өтілін есептегенде қандай жеңілдіктер қарастырылған?
– Мемлекетімізде зейнетақымен қамсыздандыру туралы 21.06.2013 жылғы №105 заңына сәйкес, 16 жасқа дейінгі мүгедек баланы бағып күткен уақыт, бөгденің көмегіне мұқтаж 1 топтағы мүгедекке, 2 топтағы жалғызбасты мүгедекке және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ 80 жастан асқан қартқа күтім жасаған уақыт, әскери қызметшілер арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері жұбайларының мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру мүмкіндігі болмаған жерлерде жұбайларымен бірге тұрған кезеңдері, бұрынғы кеңестік мекемелердің Қазақстан Республикасы мекемелерімен, халық­аралық ұйымдардың қызмет­кер­лері зайыбының шетелде тұрған, бірақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңі және басқалар сияқты жекелеген әлеуметтік маңызы бар кезеңдері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін есептеу көзделген.
– Әңгімеңізге рақмет!

Сұқбаттасқан Сәрсенкүл АҚКІСІ
28 қыркүйек 2021 ж. 3 254 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 739

Сұхбат

Мәдениет

Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 792

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031