» » » Зейнетақы жинағындағы ақшаны кімдер алады?

Зейнетақы жинағындағы ақшаны кімдер алады?

Осыған дейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ақша алу туралы заң қоғамда ең қызу талқыға түскен мәселелердің бірі болғаны белгілі. Яғни қордағы ақшаның бір бөлігін алу тәртібі қандай, оны кімдер ала алады, ол үшін қандай шарт қойылады деген сауал көптің көкейінде жүр. Ал зейнетақы төлемін алған жағдайда қандай мақсатқа пайдалана алады? Осы сауал төңірегінде «БЖЗҚ» АҚ Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы операция бөлімінің жетекші маманы Өмірбек Өміртаевтан сұрап білдік.

– Өмірбек Өміртайұлы, бүгінгі күннің басты сауалынан бастасақ. Жалпы қордағы қаржыны алу мәселесі қалай жүргізілуде?
Орынды сұрақ. Биылғы жылдың басты жаңалығы – зейнетақы қорындағы жинақталған жинақтың белгілі бір мөлшерін алуға болатын заң қабылданды. Яғни жинақ есеп шотындағы қаржысының шекті мөлшерден асқан бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге немесе жекеменшік қаржы компанияларының басқаруына беруге құқылы. Оны жұмыс істеген, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жарналары бар азаматтар, сондай-ақ жиналған соммасы жеткілікті шегінен асып жатса ғана ала алады. «Ал жеткілікті шегі қанша?» деген сауал тағы туындайды. Ол әр адамның жасына қарай есептеледі. Мысалы 30 жастағы азаматтың шотында 2 млн 518 мың теңгеден асып тұрса ғана сол ақшаны емделуге, үй алуға немесе жөндеуге пайдалана алады. Айта кетерлік жайт, «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ уәкілетті операторында ашылған шотқа біржолғы зейнетақы төлемі түскеннен кейін, алушы уәкілетті операторға біржолғы зейнетақының тағайындалған мақсатын растайтын құжаттарды төлемдер түскен күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде (ҚР-ның заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін бір жолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережесінің 13-тармағына сәйкес) ұсынады. Егер белгіленбеген мерзімде уәкілетті операторға растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда ол қаражат БЖЗҚ-ға қайтарылуға жатады. Одан бөлек зейнетақы жинақтарын пайдалану кезінде азаматтар уәкілетті операторлар арқылы жылжымайтын мүлікті тіркеу кезінде өтініште көрсетілген мақсатты өзгертуге құқылы.
– Мемлекет басшысының зейнетақы жинақтарының бір бөлігін беру тапсырмасы өңірімізде қаншалықты орындалуда?
– Облыс бойынша БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайларын жақсарту мен емделулері үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы 16 166 өтініш қаралды. Әрине бұл осы жылдың 22 тамыздағы жағдай бойынша. Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін облыс көлемінде БЖЗҚ шамамен 10 816 өтінішті орындай отырып, 34 млн 611 мың теңгені салымшылардың арнайы шоттарына аударды. Сондай-ақ орындалған өтініштердің басым бөлігі «Отбасы банкі», тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы жүзеге асуда.
– Зейнетақы шотын ашу қандай құжаттармен жүзеге асырылады?
– Міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу, жеке зейнетақы шотын ашу 2019 жылдан бастап БЖЗҚ-да автоматты түрде жүзеге асырылып келеді. Сәйкесінше, жеке тұлғаларды ашу үшін өтініш беру қажет емес. Егер шоты жоқ болса, ол БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде бірінші жарна түскеннен кейін автоматты түрде ашылады. Жеке тұлға зейнетақы жарнасын аудару кезінде төлем тапсырмасының электронды форматында көрсетілген дербес деректермен сәйкестендіріледі және құжаттың деректемелері мен басқа да мәліметтері туралы барлық қажетті ақпаратты бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінен алады.
– Қордағы қаржыны пайдаланудағы келесі мақсатты айтып өтсеңіз?
– Қызылорда облысы бойынша БЖЗҚ емделу мақсаттары үшін жалпы соммасы 997 млн теңгеге 1 191 өтінімді орындады. Біржолғы зейнетақы төлемдерін емдеу үшін пайдалану жөніндегі уәкілетті оператор – «Отбасы Банкі». Қазіргі уақытта БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқару туралы 4 ИПБ-мен шарт жасасты. Сіз олардың инвестициялық декларацияларын enpf.kz веб-сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен көре аласыз. Олар, «Jusan Invest» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ болып табылады.
– Соңғы сауал. Адам зейнет жасына жетпей қайтыс болған жағдайда оның қордағы ақшасын кімдер алады?
– Бұл жайында бұған дейін де айтылып келді. Жалпы қордағы жинақ – ол салымшының меншігі. Салымшы немесе алушы, сонымен қатар БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар зейнет жасына толмаған адам қайтыс болған жағдайда оның отбасына немесе жерлеуді ұйымдастырған тұлғаға БЖЗҚ-дан республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 52,4 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеу үшін біржолғы төлем төленеді. Ол шоттағы қаражаттан аспайды. Сонымен қатар зейнетақы жинағы бар адам қайтыс болған жағдайда оның жинағы ҚР-ның заңнамасында белгіленген мұрагерлік тәртіппен беріледі.
– Сұқбатыңызға рақмет!
Әңгімелескен
Ерсін СӘДУҰЛЫ
21 қыркүйек 2021 ж. 1 341 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 737

Сұхбат

Мәдениет

Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 790

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031