» » » Нұржан Пірмантаев: Кәсіп ашамын дегенге мемлекеттен қолдау бар

Нұржан Пірмантаев: Кәсіп ашамын дегенге мемлекеттен қолдау бар

Нұржан ПІРМАНТАЕВ,
«Тұрмағамбет» ЖШС төрағасы:
Маңдай тер еңбегінің арқасында жетістікке жетіп, сол жетістігі арқылы өзгелерге де қолдау көрсетіп жүрген жомарт жанның бірі – «Тұрмағамбет» ЖШС директоры, Дауылкөл ауылдық мәслихатының депутаты Нұржан Пірмантаев. Ол басқаратын шаруашылық биыл ауданда бірінші орынды жеңіп алды.

– Нұржан Айдарбекұлы, ауылдың 60 жылдығында ат шаптырып ұлан асыр той жасадыңыздар. Тойдың болғанынан боладысы қызық қой. Ауыл әкімімен бірлесіп тындырған біраз істің нәтижесін халық көрді.

– Биыл Тұрмағамбет ауылы тұрғындары үшін есте қаларлықтай табысты жыл болды. Оның бір дәлелі – ауылымыздың 60 жылдығы мен Жиенбай жырау Дүзбенбетұлының 155 жылдығын үлкен дайындықпен ұйымдасқан түрде атап өттік. Көшеге тал егіліп, гүлзарлар орналастырылды. Жеке тұрғындар да мерекеге белсенді үлес қосып, үй-жайына жөндеу жүргізді. Аудан әкімдігі игі ісімізге қолдау көрсетіп, ауыл орталығынан заман талабына сай алаң салды.
Биыл шаруашылық 2700 гектарға күріш екті. Басты жаңалығымыз – 20 гектар жерге соя дақылы тәжірибе ретінде егілді. Алматы қаласынан 2 тонна соя дақылының ерте пісетін «Жансая» сортының тұқымын алдыртып, облыстық Ы.Жақаев атындығы Қазақ Күріш ғылыми зерттеу институтымен бірлесіп өсірдік. Келесі жылы сояның егіс көлемін 100 гектарға дейін ұлғайтуды жоспарлаудамыз. Күзгі егін жинау науқанын уақытында сапалы аяқтап, гектарына 75 центнерден өнім алдық. Облыстық «Алтын дән – 2019» салтанатында ІІІ орынды, ауданда І орынды иелендік.
– Мемлекет шағын және орта бизнесті қолдауда. Осы бағыттағы шаралар жөнінде не айтасыз?
– Мемлекет тарапынан кәсіпкерлер үшін жасалып жатқан бағдарлама мен жобалар өте тиімді. Әрі нәтижесін беріп те жатыр. «Бизнестің жол картасы – 2020», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде біршама орта бизнес көздері ашылды. Онымен қоса ауылшаруашылығына берілетін субсидиялық қаржы да біраз жәрдем. Жалпы қазір кәсібін жүргіземін деген адамға жағдай жасалған. Мұның барлығы ауыл тұрғын¬дарының әл-ауқатын арттыруға және аймақтың экономикасын дамытуға мүмкіндік беред¬і.
– Сүт өндіретін цехпен қоса, 100 орындық балабақша ел игілігіне пайдалануға берілді. Осы ауқымды жұмыстар аясында қанша адам еңбекке тартылды?
– Ауылдың 60 жылдығы қарсаңында орталықта тәулігіне 1 тонна сүт өңдейтін шағын зауыт ашылды. Кәсіпорында айран, балмұздақ, сүзбе, қаймақ және пакеттелген сүт өндіріледі. Зауытта 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұрын ауыл халқы сүтін арқалап автобуспен қалаға тасыса, енді ол күн артта қалды. Тұрғындар цехқа күнделікті сауған сүтін өткізіп, қолма-қол ақысын алады. Қарқынды жұмыс бастаған цехтың өніміне сұраныс күн сайын артып келеді. Сонымен қатар 100 орындық балабақша бой көтерді. Заман талабына сай салынған балабақшаға Батыр ана, Социоалистік Еңбек Ері Сәлима Жұмабекова анамыздың есімі берілді. Бұл – Батыр анамыздың ерлігі мен еңбегі жастарға үлгі болсын дегенді білдіреді. Қазір балабақшада 14 жас жұмысшы-кызметкер еңбек етуде.
– Әр саланың өзіндік қиындығы болады. Науқанда диқанға басты кедергі не?
– Салада кездесетін қиындықтың бірі – табиғаттың қолайсыздығы ғой. Соңғы жылдары астықты жауын-шашынға қалдырмай жинап үлгеріп жүрміз. Өйткені ала жаздай тер төккен мамандардың еңбегі еш кетпеуге тиіс.
– Сіз өз кәсібіңіздің шеберісіз және халық пен билік арасын жалғайтын депутатсыз.
– Депутат болмай тұрып та халыққа көмектесуге тырысып жүретінмін. Өйттім, бүйттім деп мақтануға құмар емеспін. Қолдан келгенше көмектесу азаматтық міндетім. Бізді халық пен билік арасындағы алтын көпір деп отырсыз ой. Оны ешқашан ұмытқан емеспін. Бастауыш партия ұйымдарымен кездесіп, қай кезде де ауылдың мұң-мұқтажын тыңдауға дайынмын.
– Ауыл жастарының болашағын қалай елестетесіз?
– Ауыл жастарына көңілі толатын жан болса соның бірі – мен. Олар әр салада белсенділік танытып, жақсы жетістікке жетуде. Сүт зауытына, жаңа ашылған балабақшаға тек жас мамандар алуымыз – Жастар жылында жастарды қолдаудың бір көрінісі. Асылан Берманов есімді жас маманымыз күріш егумен қатар, жыраулық өнерді қатар алып жүр. Биыл әр гектардан 96,2 центнерден өнім жинап озаттар сапынан көрінді. Қазанда Әзербайжан мемлекетінің Баку қаласында өткен халықаралық «Мугам» орындаушыларының фестивалінде Шұғыла ІІІ орынды иеленіп, Арай Оңғарқызы арнайы жүлдемен оралды. Жүз жыраудың Отанында, ақын атындағы шаруашылықты басқарып отырып, талантты өнерпаздарды қолдап, мүмкіндік жасамау маған үлкен сын.
– Азаматтық ұстанымыңыз қандай?
– Бірінші өзіңді, сонан соң өзгені құрметте. Жасаған әрбір іс-әрекетіңе есеп бер. Бұл мені жетістікке жетелеген қасиет. Әлеуетіміздің артып, дәулетіміздің тасуы өз қолымызда. Еңбегімізге қарай өнбегіміз.
– Отбасыңыз жайында айтсаңыз?
Отбасында зайыбым Марал екеуміз 1 атқамінер мен 3 қызғалдақ тәрбиелеп отырмыз. Анасы ұстаз болғандықтан балалардың сабағына көп назар аударады. Бәрі де өз білімімен жоғары оқу орнына түсті. Білімін одан әрі жетілдіруге талпынғанына шектеу қоймаймыз. Ұлым Қуаныш – Отан алдындағы борышын өтеуге әскерге аттанды.
– Табысты болуыңыздың сыры неде?
– Табыс адамға аспаннан салбырап түспейтіні бәрімізге мәлім. Әрбір адам жетістікке жету сапарында қайткен күнде сәтсіздікке ұшырауы ықтимал. Құлаған орыннан қайта тұрып, еңсе тіктеудің өзі батылдық. Мақсат қойып, табандылықтан таймауымнан нәтижесі шығар.
– Әңгімеңізге рақмет.

Сұқбаттасқан Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ
25 қараша 2019 ж. 2 357 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 525

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 596

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031