» » » ТІЛ ҮЙРЕНУШІЛЕРДІҢ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕШІ

ТІЛ ҮЙРЕНУШІЛЕРДІҢ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕШІ

          ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мамырда Абайдың 175 жылдық мерейтойы туралы Жарлыққа қол қойды. Тойдың болғанынан боладысы қызық емес пе? Содан бастап Шығыс пен Батыстың мәдениетін, өркениетін жетік білген дара тұлға, ұлы ақынның мерейтойына арналаған шаралар басталды. Мемлекет басшысы Абай өлеңдерін оқу эстафетасын 9 жасар Ләйлім Шырақтан қабыл алып, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған болатын. Әлеуметтік желіде Абай өлеңдерін оқу науқаны қызу жүруде. Қармақшы ауданының азаматтары да мемлекеттік деңгейге ұласқан шарадан тыс қалған емес. Эстафетаны сырбойылық әріптестерінен қабылдаған «Қармақшы таңы» газеті аудандық мәдениет үйі мен Қазалы аудандық «Қазалы» газетіне жолдады.
        Мереке аясында ауданда тағы да бір тағылымды сабақ өтті. Жазғы демалыста қандай сабақ деуіңіз мүмкін. Бір жарым жылдан бері білікті ұстаз Руза Изықұлованың жетекшілігімен «Ағылшын тілін шет тілі ретінде жеделдете деңгейлік оқыту» курсы үзіліссіз жүріп келеді. Мемлекеттік қызметкерге ай бойы тіл үйрететін курс жетекшісінің бұл жолғы сабағы Абай Құнанбаевтың әдеби өміріне арналды.
– Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.
Бір ауыз сөзбен бар мәселенің төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге өмір сүріп келді, сүре де бермек. Абай атамыз туралы айту артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз-ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз, даралықты ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, – деп бастады алғы сөзін Руза Төлегенқызы.
Курста білім алатын 24 тыңдаушы А.Құнанбаев туралы білетінін қазақ және ағылшын тілінде айтып өтті. Жаңа сөздер үйреніп, қара сөздердің маңызына тоқталды.
          Абайдың 38-ші қара сөзін Қармақшы ауылының әкімі Әлімбай Білжанов қазақ тілінде, полиция бөлімінің маманы Гүлнар Махамбетова орыс, аудан әкімінің аппарат басшысы Берік Шерниязов ағылшын тілінде айтып берді. Мұнан соң «Не білемін?», «Не білдім?» «Не білгім келеді?» әдісімен мәслихаттың аппарат басшысы Бақтыбай Жүсіпалиев Абайдың өмірі мен отбасы туралы айтса, аудан әкімдігі аппаратының бас инспекторы Ғазиза Молдабаева ұлы ақынның республикалық деңгейде өтіп жатқан эстафетасын, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Нұрлан Бейбітов эстафетаға қандай елдің қатысып жатқанын білгісі келетінін айтты. Сабаққа экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы Бақытбек Пірназаров пен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің әдіскері Жасұлан Үсенов белсенді араласты. Бір сабағынан бір сабағы ерекше тартымды, қызықты өтетін ұстаздың тыңдаушысы әркез белсенді. Күні бойы компьютерге үңіліп, «қайтсем жұмысты тиянақты орындаймын» деп тырысып жүрген мамандар ағылшын тілі сабағында бір серпіліп, демалып қайтатынын жасырмады. Тақырыпты тереңнен қозғап, түсіндіруге бар-күш жігерін жұмсайтын ұстаздың еңбегіне курста білім алғандар да, алушылар да дән риза. 
        Сабаққа қатысушылар Абай Құнанбаевтың көптеген еңбегі араб, парсы, көне шағатай, шет тілдерге аударылғанын білді. Жетекшіден келесі сабаққа Абайдың бір өлеңін жаттап келуге тапсырма алды. 5 қадам әдісімен алған мағлұматтан түйін шығарды. 
Курс тыңдаушылары эстафета жолдауды ұмыт қалдырған жоқ. Олар өз үндерін әріптестері аудан әкімі аппаратындағы мемлекеттік қызметкерлерге жолдады.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
07 тамыз 2019 ж. 799 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031