» » » ЕЛ ЖҮРЕГІ – НҰР-СҰЛТАН

ЕЛ ЖҮРЕГІ – НҰР-СҰЛТАН

Былтырғы еңбек демалысымды ала сала арнайы Астанаға жол тарттым. Мақсат – еліміздің бас қаласын көзбен көріп, кереметін сезіну. Тәрбиеші болғандықтан балаға бағыт-бағдар берерде, тарихи, мәдени орындар жайлы аз-кем айту үшін сол аймақ жайлы толық мағлұмат білуің парыз.
Мүмкіндіктер мекені, жаңашылдықты, ізденуді, еңбекті сүйетін қала көз тартар келбетімен көңілді баурап алды. Ерік-жігерді, сүйіспеншілікті бір арнаға тоғыстырып, алға батыл қадам бастыруға қуат бергендей. Иә, азат еліміздің тарихында қас-қағым сәтте бой көтеріп үлгерген бірден-бір ару қала осы Елордамыз ғана. Тарихқа көз жіберсек, әрбір мемлекеттің орталық қалалары халық тағдырында ерекше маңызға ие болып келгенін бағамдар едік. Қысқа мерзімде қасиетті қазақ жерінің қақ ортасында бой көтеріп, Алаш жұртының бағын жандырған Астана қаласының дамуы жас мемлекетіміздің тарихымен тығыз байланысты. Елбасы Н.Назарбаевтың Елорданы Ақмолаға көшіру туралы идеясына кезінде күмәнмен қарасақ, бұл күні жемісті жүзеге асты. Бас қаламыз арқылы Қазақстан әлемге танылды, экономикалық және саяси жаңғырулардың орталығына, халқымыздың мәдени өмірінің темірқазығына айналды. Елорданың әр кірпішін қалауға Президентіміз бар күш-қайратын, ынта-жігерін салды. Жүрек мейірімін, жан жылуын, жанашырлық сезімін сыйлады. Даму қадамын қалт жібермеді.
Айшықшы орындарды аралай жүріп көп мәліметке қанықтым. Еңбекке деген құлшынысым артып, осындай сәулетті қала тұрғызған, елді дамытқан Елбасымен бірге тынымсыз тірлік етуіміз керектігін түсіндім. Балабақшадағы бүлдіршіндеріме көзбен көрген кереметтерді сөзбен жеткізуге асықтым. Балаларым арман қалада еңбек етсе ғой деген ой келді. Дамудың үшінші кезеңіне аяқ басқан елорданың ескісі ес­тен­ өшіп,­ жа­ңа­сы­ жа­ды­мда­ жаң­­ғыр­ды.­ Көз алдымда көр­кей­­ген­ ша­һар­дың­ дамыл­сыз даму динамикасы тұр. Бабалар рухын қастерлеудің үлгісіндей, баянды болашақтың ордасындай Сарыарқаның төрінде орын тепкен ару қала жасай бермек, жасара бермек.
Себебі ел жүрегі, жер кіндігі болған Нұр-Сұлтан – Назарбаевтың төл туындысы.
Бақыт САРМОЛДИНА,
Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданына қарасты
№5 «Айгөлек» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі.
28 мамыр 2019 ж. 1 434 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 070

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031