» » » Жастар Рамазанмен сүйіншілейді

Жастар Рамазанмен сүйіншілейді

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Қармақшы аудандық «Қармақшы ата» мешітінің «2019 – Жастар жылына» орай асыл дінімізбен өрілген дәстүрлі құндылықтарымызды насихаттау мақсатында «Жастар Рамазанмен сүйіншілейді» атты аудандық жарапазан байқауын
Ж А Р И Я Л А Й Д Ы
Өткізілетін орны: Ақжар ауылдық мәдениет үйі
Өткізілетін уақыты: 18 мамыр 2019 жыл, сағат 17:00
Қатысу шарттары
­- ­Байқауға қатысушылар топ болып болып бақ сынайды. (әр топта 3-7 адам)
- Байқауға ер жігіттермен қатар қыз балалар да қатыса алады, егер қатысушы топ бірыңғай қыз балалардан құралатын болса онда міндетті түрде бір ер жігітті қосуы тиіс. Өйткені жарапазан соңында бата беріледі, ал дәстүр бойынша қыз бала бата бермейді.
- Қатысушылардың киім кию мәдениетіне мән беріледі, дәстүрге, шариғатқа сай киім үлгісі қошталады
- Қатысушылардың жас аралығы 14-35 жас, дегенмен қажеттілікке қарай бата беруші ретінде жасы үлкен бір адамды қосуға болады.
Байқау 5 бөлімнен тұрады.
1. Ауызашар мәзірі
Бұл бөлімде әр топ өз ойларынан қасиетті рамазан айындағы ауызашар дастарханына лайықты бір тағам түрін дайындап, мәдениет үйінің фоесінде арнайы үстелдергерге қойып, халайық назарына ұсынады. Оған арнайы ұпай беріліп, жалпы ұпай санына қосылады. Дайындалған дәм сол күнгі ауызашар дастарханына қойылады.
2. Таныстыру
Таныстыру бөлімінде әр топ өз ауылын, мешіті мен оның тыныс-тіршілігін, имамы мен жамағатын, өз тобын ән-жырмен таныстырып өтеді. Бұл бөлімде домбырамен, баянмен эстрадамен сүйемелдеуге болады. Уақыты 2-5 минут.
3. Жарапазан
Бұл бөлімде дәстүрге сай жарапазан жырлары айтылып, жарапазан батасы беріледі. Бұл жырларды қараөлең түрінде немесе ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен орындауға болады. Бұрыннан әр өлкеде айтылып жүрген жарапазан жырларымен қатар шариғат шеңберінен шықпай жаңа жарапазан жырларын шығарып орындау қошталады. Уақыты 3-7 минут.
4. Діни-патриоттық әуендер
Бұл бөлімде нәшидтер мен пайғамбарымызға деген салауаттар, сонымен қатар домбырамен, баянмен эстраданың сүйемелдеуімен немесе иләһи әуенде діни әндер мен отансүйгіштікке, елге, жерге, ата-анаға, бауырға деген махабаттан туған есті әндер айтылады. Уақыты 2-5 минут.
5. Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра
Жүз шайырдың мекенінде діни насихатқа толы термелеріміз бен жырларымыз айтылады. Мүмкіншілік болмаса домбырамен орындалатын төл өнеріміз – күй шерту де мақұлданады. Уақыты 3-6 минут.
Қатысушы топтарға әр бөлім бойынша жеке-жеке ұпай беріліп, соңында жинақталған ұпай санына қарай жеңімпаз топтар анықталып, қаржылай сый-сияпаттармен, алғыс хаттармен марапатталады.
Жүлдесі
І орын – 30,000 теңге (1 топ)
ІІ орын – 20,000 теңге (1 топ)
ІІІ орын – 10,000 теңге (1 топ)
Ынталандыру сыйлықтары – 5,000 теңге
Қосымша сұрақтар бойынша мына нөмірге телефон шалып
хабарласуларыңызға болады: +77016852530 Жақсыбек бас имам
03 мамыр 2019 ж. 1 170 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 159

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930