» » » ГЕРАТТЫҢ «ГЕРОЙЫ»

ГЕРАТТЫҢ «ГЕРОЙЫ»

Адамзат баласы жер бетінде өмір сүргелі бері басынан небір зұлмат соғысты өткеріп келеді. Айлап, тіпті жүз жылдап өткен соғыстардың ішінде елді қан қақсатқан Александр Макендонский, Ақсақ Темір, Шыңғысхан, Напалеон Бонапарт, Адольф Гитлер сынды қолбасшылар басқарған қанды қырғындар тарихтан ойып орын алды. Сонымен бірге, Англия мен Франция мемлекетінің арасындағы жүз жылдық соғыс, Ал қызылдар мен Ақ раушандар, яғни Англия ақсүйектері арасындағы соғыс, Куликова шайқасы, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс, бұлардың барлығы да жер бетіндегі қатыгез соғыс қатарынан орын алған қанды оқиғалар.
Сондай-ақ, 1945-1991 жылдар ара­лы­ғында әлемдегі екі түрлі саяси жүйемен өмір кешкен АҚШ пен КСРО сынды ірі импералис­тер арасындағы атышулы «Қырғи қабақ соғыс» та тарих қойнауына кірді. Кіріп қана қоймады, аталмыш екі мемлекеттің екеуара келіспеушілігінің арқасында Корея мен Вьетнамда, Таяу Шығыс пен Латын Америкасында, тіпті Африкада да бірнеше жылға созылған соғыс тарих бетінде қанды әріппен жазылып қалды.
Міне, жоғарыда аталған ұлы держа­валардың араласуымен өткен со­ғыстың б­і­­рі – 1979-1989 жылдары КСРО ин­тер­на­цио­налистері қатысқан Ауған – КСРО Қару­лы күш­терінің КСРО Ауған­станның ішкі сая­сатына араласу мақсатында соғыс отын тұтатты. Талай қыршынның жанын алып, мәңгілікке мүгедек еткен аталмыш соғыс 1979 жылдың 27 желтоқсанында басталып, 1989 жылдың 15 ақпанында аяқталды.
Ауған халқы үшін шақырусыз келген көршілердің зұлымдық ниетімен өткен соғысқа Қазақстаннан 22 мың интернационалист-жауынгер қатысып, оның 761-і ауған жерінде дұшмандар қолынан қаза тапса, 21 сарбаз із-түзсіз жоғалып кетті. Яғни, моджахеттерге тұтқынға түсті. Бүгінде сол 22 мың қазақстандықтан 10 мыңға жақыны ғана тірі болса, оның 300-ге жуығы мүгедек қатарында.
Ауғанстанда 10 жылға созылған сол бір зұлмат жылдарғы қанды қырғынға қатыс­қан 860 сырбойлық интернационалист-жау­ын­­гердің 18-і елге табытпен, ал 28-і мәңгілік мүгедек болып оралды. Жылдан астам уақыт жат елде от пен оқтың ортасында өмір кешкен 81 қармақшылықтың 3-еуін, нақтысын айтқанда, Нұрлыбек Айсауы­товты, Әнуарбек Өміровті, Рақымжан Доспановты туған халқы табытпен қарсы алса, елге аман-есен оралған Алтай Жыңғылбаев соғыстан алған жарақатынан қайтыс болды.
Десе де, қармақшылық интернационалистер арасында ерлік көрсетіп, омырауын орден-медальға толтырып қайтқандар да жетерлік. Роман Досаев, Данабек Нұр­маханов, Мархабай Сандыбаев «Қызыл жұл­дыз» орденінің, ал Бақытбек Оспанов пен Әділ Жұмағұлов «Ерлігі үшін» медалінің иегері атанды. Кеше ғана ауылдағы ор­та мектепті тәмамдап, 1983 жылдың қазанында Отан алдындағы азаматтық–әс­кери пары­зын өтеуге аттанған Әбутәліп Лат­вия рес­пу­бликасындағы Адапчи қала­сында ор­наласқан Балтық жағалауы әске­ри окру­гі­не қарасты жаяу әскер полкі құ­рамында, содан соң Калининград облысы, Гвар­дейск қаласында орналасқан әскери бө­лімде бө­лім­ше командирі ретінде қызмет етеді.
Ал, 1984 жылдың желтоқсанынан 1985 жылдың ақпанына дейін Түркменстанның Ауғанстанға шекаралас орналасқан Геон-Төбе қаласында соғыс түрін жаттығуға кіріседі. Бұл кез Ауғанстанда өтіп жатқан дұшмандар мен Кеңес әскері арасындағы соғыстың қызған шағы болатын. Ақпан айында Әбутәліп қызмет еткен әскери бөлім Ауған еліндегі Герат қаласындағы Кеңес әскері қатарына қосылады.
Герат провинциясы Ауғанстандағы жер көлемі бойынша Гильмингтен кейінгі ең ірі әрі ежелден келе жатқан провинция. Ежелгі Азия елдері арасында сауда-саттық орнату мақсатында ашылған «Жібек жолы» да осы өңірден өткен. Батысында Иранмен, солтүстік-шығысында Багдиспен, ал шығысында Гор және оңтүстігінде Фарахпен шектесетін Герат провинциясы тұрғындар сыйымдылығы бойынша елде екінші орын алады. Бұл провинцияда негізінен тәжіктер мен түркімендер, өзбектер мен курдтар және басқа да ұлт өкілдері мекендейді. Сонымен бірге, 16 ауданға бөлінген осы провинцияда КРСО мен ауған моджахедтері арасында өткен онжылдық соғыста Кеңестердің 5 гвардиялық мотоатқыштар дивизиясы шеп құрды.
– Ауған елінде интернационалдық борышымды өткізген 8 айдан астам уақытта өзім басқарған бөлімше жауынгерлерімен Түркіменстаннан Ауғанстан еліндегі Шиндант қаласындағы әскери штабқа дейінгі, интернационалистер арасында «Өлім жолы» деп аталып кеткен автожол арқылы өтетін әскери эшолонды дұшмандардан күзеттік. Жолдың бұлай аталуы себебі, бұл жолды күзеткен интернационалистер дұшмандар шабуыл жасағанда паналайтын ешқандай пана, тіпті бұта да болмады. Тау басындағы тас арасында жасырынып оқ атқан дұшмандар бізді мазақ ететін. Біз оларға «тірі мишень» болдық. Міне, сондай қиын кезеңде талай қиян-кескі ұрысты басымыздан өткердік. Тіпті, әзірде ғана бірге отырып, келешек өміріміз жайлы әңгімелескен қаруластардың қалай оққа ұшқанын да көрдім. Біз күзеткен автожолдың жанында мұнай құбыры болатын. Бірде осы мұнай құбырын күзетіп жүрген екі жауынгерден рация арқылы маған дұшмандар шабуыл жасап жатқаны жөнінде жедел хабар түсті. Олар тезірек келіп, көмектесуін өтінді. Мен сарбаздарыммен қаруластарым күзеткен жерге жеткенімде дұшмандар сарбаздар мінген БТР-ді жан-жақтан атқылап, ала алмай кері шегіне бастаған кезі екен. Бірақ, бізді көріп қуанған қаруластарымыз БТР-ды оталдырып қозғап қалғанда үлкен жарылыс болды. Сөйтсек, дұшмандар көліктің артына мина қойып үлгірген екен. Солайша минаны байқамаған жауынгерлер опат болды. БТР-дан шығып, қан-жоса болған қаруластарды көргенімізде дүние астан-кестең болып кетті. Менің мұндай жан түгершілік көріністі алғаш көруім еді. Көзім қарауытып кетті. Десе де, есімді тез жиып, басқа жауынгерлерді ұйымдастыра жүріп, жалынға оранған достарымды көтеріп жол жиегіне қойдық. Дұшмандар өте сақ, әрбір атқан оғын құралайдың көзіне дөп тигізетін мерген жауынгер. Бірақ, біз де олардың сыбағасын бердік. Жау жағы талай рет мен басқарған бөлімшені тосыннан соққы береміз деп күзетті. Алайда, біз олар құрған қақпанды бірнеше рет бұзып өттік. Сол үшін де дұшмандар бізге жақындай алмайтын-ды. Алыстан атқылап, жолымызды бөгейтін. Кейде қаруластарым әзілдеп өздерін «Гераттың геройымыз» деп атайтын. Қайран, қаруластарым. Олардың бү­гінгі өмірі туралы хабар жоқ. Бір кездесіп, мауқымды бассам деген де арманым бар. Иә, Ауған жерінде өткізген қанды соғыста біздің бөлімшеде Шымкенттен Нұрбек Ермекбаев деген жігітпен, әскери бөлімде жерлестерім дүроңғарлық Әділ Алтынбаев, Қармақшы ауылынан Әділ Жұмағұлов, жосалылық Әмір Тобжанов және осыдан бірер жыл бұрын өмірден өткен досым Сәбихан Рысбаевпен бірге АҚШ пен КСРО деген екі алып мемлекеттің солақай саясатының кесірінен жалындағын жастық шағымызды Ауған жерінде өткіздік, – дейді сол бір зұлмат жылдарды еске алған Әбутәліп Жалмағамбетов.
Міне, көптеген ананы баласынан, баланы әкесінен, жарын күйеуінен айырған, талай бозбаланың өмірін жалмап, талайға мүгедектік өмір сыйлаған Ауған соғысынан Кеңес Одағы әскерінің шығарылғанына биыл 30 жыл толды.
Бүгінде сол бір сұм соғысты басынан өткерген қармақшылық интернационалист-жауынгерлердің басы алпысқа жетсе, кейінгісінің жасы елуден асып, ел ағасы атанды. Ұрпақ сүйді, тіпті кейбірі немере сүюде. Ал, Әбутәліп Нәбиұлына келер болсақ, ол бүгінде 16 жылдан бері ұстаздық қызмет ететін №26 орта мектепте алғашқы әскери дайындық пәнінен тәлім беретін шәкірттерін отансүйгіштікке, адамгершілікке, бауыр­малдылыққа тәр­биелеуде. Отбасында жары Гүлнармен бірге үкілеп өсірген ұл-қызының дені өмірден өз орнын тапқан азаматтар.
Н.Жанәділов
01 ақпан 2019 ж. 1 218 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 063

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031