» » » ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ АШҚАН АШЫҚ КІТАП

ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ АШҚАН АШЫҚ КІТАП

Кітап – мәңгілік мұра, ал оны қолжетімді ету – рухани игілік. Кітап – адамның жан дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлықтың өлшемі. Ол – адамзат үшін ғасырдан-ғасырға жалғасып қызмет етіп келе жатқан ғылым мен өнердің, соның ішінде сөз өнерінің туындысы. Кітап – адамды ізденімпаздыққа жетелейді, ой-өрісін ұштайды, тәрбиелейді, ойландырады, өзгертеді.
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда «Біз ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз» деген болатын. Осы орайда аудан әкімдігінің тапсырмасымен, аудандық кітапхананың бастамасымен «Оқитын ұлт» республикалық жобасы шеңберінде «Оқырманға жол ашқан ашық кітап сөресі» қолға алынды. Жақында «Мағжан» халал дәмханасында кітап сөресінің ашылуы өтті.
Іс-шараның ашылуында аудандық орталықтандырылған кітапхана директоры Күлшара Бөгенбайқызы құттықтау сөз сөйлеп, дәмхана қонақтарына ашық кітап сөресінің мақсатын айта отырып, халықты кітап оқуға үлестерін қосуға шақырды.
– Бұл сөре – тек кітап қоймасы емес, ол – оқырман мен кітапты табыстыратын көпір. Басты мақсаты – қоғамдық орында еркін кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыру, оқырман санасын көтеру, еркін оқу, оймен бөлісу. Осындай көпке пайдалы болар бастамаға қолдау білдіргені үшін Рабиға апайға шексіз алғыс, – деді Күлшара Қаниева.
Дәмхана қонақтары да бұл іс-шараға белсене қатысып, жақсы мүмкіндікті қуана қабылдады. Кітап сөресінде көркем әдебиет, мотивация тақырыбындағы кітаптар және балаларға арналған мерзімді басылымдар бар. Ашық кітап сөресінен дәмханаға келген қонақтар, уақытын тиімді пайдалану үшін, әрі рухани азық алу үшін сөредегі кітаптарды оқып және өз жеке кітапхана қорындағы кітаптарын осында әкеліп, өзгемен бөлісуге болады. Осылай халықтың кітап оқу деңгейі жоғарылайды деген сенімдеміз.
Кенжегүл ҚОШМАНОВА,
аудандық орталықтандырылған кітапхананың
әдістеме-библиография бөлімінің библиографы
29 шілде 2025 ж. 271 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 412
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 209

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930