» » ”ПОЭЗИЯ МИНУТТАРЫ” МӘНЕРЛЕП ОҚУ САЙЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

”ПОЭЗИЯ МИНУТТАРЫ” МӘНЕРЛЕП ОҚУ САЙЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда, жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз. Тәуелсіздік кезеңінде елімізде кітапхана ісі кенжелеп қалды. Тоқсаныншы жылдардағы аласапыран уақытта/ мыңдаған кітапхана жабылды. Миллиондаған кітап қорынан айырылдық. Соңғы жылдары жағдайды түзеу үшін әрекет жасалып жатыр. Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады» - деген болатын. Осы мақсатта студент жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында іс-шаралар жүйелі жүзеге асуда.
Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында "Поэзия минуттары" тақырыбында студенттердің кітапқұмарлығын арттыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, әдеби және көркем талғамын тәрбиелеу, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, орындаушылық шеберлігін дамыту мақсатында колледжішілік мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Сайыс барысында білім алушылар таңдап алған кітаптағы ақынның өмірі туралы сұрақтарға жауап беріп, таңдалған ақынның нақыл сөздерінің жалғасын тауып, таңдаған өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сайыстың қорытындысы бойынша Н.Қоспанова, А.Алдабергенова, И.Алтайұлы Алғыс хаттарымен марапатталды.
13 наурыз 2025 ж. 408 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 120

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930