» » » Аңызақтағы ахундар

Аңызақтағы ахундар

Киелі Сыр бойында 30-ға тарта ахун өмір сүріп, өз ілімдерінің жемісін сепкен екен. О дүниеге барған жабылмайтын үш амал дәптерінің бірі сенің тәрбиелеген шәкіртіңнен түсетін сауап десе ол алымдардың қабіріне әлі де нұр құйылып жатқан болар. Өйткені олар алдына келген алымды баланың ағымын қайырған жоқ. Алайда Кеңестік саясаттың күрзісі олар жаққан шырақ біржола өшіріп тастады. Ол соққының қатты болғаны сонша әлі де сол ахундарды мақтан етіп айтуға құлықсыз етуде.
Ал енді сол ахун деген кім? Қысқа ғана айтатын болсақ алымдардан қол алып (икзам) әр саланың ғалымы, ағартушысы атанып, елді рухани дамытып, сауат беріп, һақ дініміздің қайнар көзіне айналған жан.  Алайда, бүгіндегі зерттеуші - ғалымдарымыз осы қасиетті жандар - ахундар туралы зерттеу жұмыстарын кешеуілдетіп келеді. Оларды зерттеп, қасиеттерін паш етіп жатқан оқушы мен ұстаздар да көп емес. Сондықтан болар ахундар жайлы естеліктер аңызға айналып, көп бұрмалануға ұшырап бара жатыр. Яғни ахундардың ауылы аңызақта қалып бара жатқандай. Олардың қасында Кеңес заманында бір жерде басшы, директор, райком болған адамдардың кітабы көп. Ал сол кітаптың сыртқы құны қомақты болғанмен ішінде іліп алар дәнеңе таппайсың. Соның орнына неге ахундер мен бабалар жөнінде көптеп кітаптар шығармасқа? Өйткені олардың бар ғұмыры үлгі емес пе?
Киелі Сыр бойында 30-ға тарта ахун өмір сүріп, өз ілімдерінің жемісін сепкен екен. О дүниеге барған жабылмайтын үш амал дәптерінің бірі сенің тәрбиелеген шәкіртіңнен түсетін сауап десе ол алымдардың қабіріне әлі де нұр құйылып жатқан болар. Өйткені олар алдына келген алымды баланың ағымын қайырған жоқ. Алайда Кеңестік саясаттың күрзісі олар жаққан шырақ біржола өшіріп тастады. Ол соққының қатты болғаны сонша әлі де сол ахундарды мақтан етіп айтуға құлықсыз етуде.
Ал енді сол ахун деген кім? Қысқа ғана айтатын болсақ алымдардан қол алып (икзам) әр саланың ғалымы, ағартушысы атанып, елді рухани дамытып, сауат беріп, һақ дініміздің қайнар көзіне айналған жан.  Алайда, бүгіндегі зерттеуші - ғалымдарымыз осы қасиетті жандар - ахундар туралы зерттеу жұмыстарын кешеуілдетіп келеді. Оларды зерттеп, қасиеттерін паш етіп жатқан оқушы мен ұстаздар да көп емес. Сондықтан болар ахундар жайлы естеліктер аңызға айналып, көп бұрмалануға ұшырап бара жатыр. Яғни ахундардың ауылы аңызақта қалып бара жатқандай. Олардың қасында Кеңес заманында бір жерде басшы, директор, райком болған адамдардың кітабы көп. Ал сол кітаптың сыртқы құны қомақты болғанмен ішінде іліп алар дәнеңе таппайсың. Соның орнына неге ахундер мен бабалар жөнінде көптеп кітаптар шығармасқа? Өйткені олардың бар ғұмыры үлгі емес пе?
Мәселен  "Қалжан ахун" атты өмірбаяндық кітапта ахунның немересі Шамсия Қалжанова: "Ахун дегеніміз сөз шебері және заңгер" деп түсінік берген. Ал оны енді біреулері "дінімізді насихаттаушы, ағартушы" дейді. Есімдері елге кеңінен танымал Ораз - Мұхамед ахун, Қалжан ахун,  ағайынды Қожабай және Алдашбай, Дәулетназар мен   Сайыпназар, Тоқсанбай, Нұрмұхамед (Тапал) ахундардың еңбектері мен діни тұжырымдары өкінішке қарай бүгінгі күнге жеткен жоқ. Репрессияның зұлматы алдымен осындай қасиетті жандарға тиді. Нәубет жылдары қуғынға алдымен сауатты молдалар ілінді.  Тіпті сол кеңестік заманның кесір саясатының салдарынан ахун, ишан-молдалардың атын атай да алмадық. Олардың өнегелі істері мен ғибратты өмірі туралы, сондай - ақ  құнды еңбектерін оқып, біле алмадық. Бірақ "Орнында бар оңалар" дегендей  екі-үш жылдан бері еліміз бойынша 9 - сынып оқушылары үшін "Дін негіздері" атты факультативтік дінтану сабағы енгізіліп отыр. "Кеткенім келіп, кемтігім толды" деген де осы шығар. Дегенмен тарихшыларымыз осы дінтану сабақтарында шәкірттерге әлемге таралған 4 дін туралы ғана жалпылама айтып қоймай,  есімдері елге кеңінен танымал  дін иелерінің өнегелі өмірі мен ғибратты істері туралы сабақтарда кеңінен айтылса нұр үстіне нұр болар еді.
Мысалы, соның бірі есімі елге белгілі - Азаматұлы Мырзабай ахун. Ол ел ішінде беделді, сыйлы болғаны сонша алдынан ешкім кесе өтпейтін болған. Өте білімді Мырзабай ахунның алдында төселіп сөйлеп кету екінің бірінің қолынан келмесе керек. Осындай ел ішінде мысы артқан ахунның бір күні Бұхара қаласында медреседе оқып жатқан баласы туған елінен жырақта мезгілсіз дүние салады. Ескі қазақ салтында, яғни қазақ халқының дәстүрлі әдетінде кісі өлгенде, оның артында қалған ең жақын адамына жолдас - жораларының барып, жүз көрісіп, көңіл айту салты бар. Мұндайда көңіл айту, жұбату сөздерді елге беделді, сөзге шешен бір адам ғана бастап, басқалары соны қостап, көңіл айтады. Естіртуде қайғы үстіндегі кісіге сүйеу болатын, көңіл айтып кісіні жұбататын сөздер болуы тиіс. Оны көбіне тұспал сөздермен бастайтын болған. Әрине ахунға  бұл қаралы хабарды жеткізу жай ғана жұмыс емес. Ақылдасып, кеңесіп, жан-жаққа адам жіберіп Мырзабай ахунға осы қайғылы қазаны естіртуге ағайынның жақсысы мен жайсаңынан - Табын Қалжан ахун Бөлекбайұлы, Қайқы батыр және Алданазар би секілді елге сыйлы азаматтар аттанады.
"Қол бастаудан топ алдында сөз бастау қиын"  дегендей Мырзабай ахунға "Қазаны қайсысымыз естірткеніміз жөн?" - деп жолай кеңеседі. Соның ішіндегі Табын Қалжан ахун (Қалмұхамед) Бөлекбайұлы мұсылманша оқуы өте жоғары, ой-өрісі кең, ақыл-парасаты биік адам болған. Ол 27 жасында Бұхара -Шәріптегі әйгілі (Мир-Араб) Көгелташ медресесінің заң факультетін үздік бітіріп "ишан" және оған қосымша "ахун" атағын алып шыққан адам болатын. Сондықтан сапарлас серіктері оған:
- Бұл шаруаны сіздің естірткеніңіз дұрыс болар еді, - дейді.
Сонда Қалжан ахун:
- "Жүйрікті жүйрік көргенде аяғы тыпырлайды" деген бар.Осы жолы менің ретім емес,- дейді Мырзабай ахунға қазаны естіртуден бас тартып, Қалжан ахун жанындағы Қайқы батырға сұраулы жүзбен қарасыпты. Сонда Қайқы батыр:
- Мені қаптаған қалың жауға қарсы жұмса, бірақ естіртудің атай көрме, - деп кесіп айтады.
Сөйтіп үшеуі өзара ақылдаса келіп, бұл шаруаны Алданазар би өз мойнына алыпты. Бұлар Мырзабай ахунның ауылына келіп, ауыл -аймақ, мал - жанның амандығын қысқаша сұрасқаннан кейін ахунның үйіне кіреді де, жайғасып отырған соң Алданазар би әңгімені бастайды:
- Тақсыр, Алланың ісіне шүкіршілік қай пайғамбардан қалып еді?-дейді? Сонда Мырзабай ахун:
- Шүкіршілік Дәуіт пайғамбардан қалған.
- Сабырлылық қай пайғамбардан қалып еді?
- Сабырлылық Аюп пайғамбарымыздан қалып еді.
- Тақсыр, енді сізге қояр соңғы сауалым бар. "Шейіт" деген сөздің мағынасын түсіндіріп беріңізші, - дейді ақыл-парасаты мол би Алданазар.
- "Шейіт" деп Алланың бұйрығымен туған елі  туған халқы үшін ақ өлімге басын тіккен немесе тосыннан келген апаттан ел-жұртын қорғауда қаза болғандарды айтады. Сондай-ақ осы топқа білім жолында туған жерінен жырақта жүріп, мерт болғандар да жатады,- депті Мырзабай ахун.
- Төрелегіңізге құлдық, тақсыр. Білім жолында жүрген ұлыңыз Бұхара-Шәрип қаласында мезгілсіз қаза болды. Алла ақырын берсін, - деген Алданазар би көпшілік атынан Мырзабай ахунға көңіл айтып,  орнынан тұрып көрісіпті.
Үміт күткен ұлының дүниеден жастай кетуі әке үшін орны толмас қайғы. Суық хабар төбесінен жай түскендей әсер еткен Мырзабай ахун ұзақ уақыт үнсіз отырып қалыпты. Екі көзінен еріксіз сорғалап аққан қайғы жасы ахунның бетін жуып кетсе керек. Сонда ағайынның атынан көңіл айтушыларды бастап келген би:
- Уа, тақсыр, Дәуіт пайғамбар отыз ұлынан бір сәтте айрылғанда Аллаға шүкіршілік етіп, сабыр ойлағанын өзіңіз жаңа ғана айтып едіңіз ғой. Сабыр етіңіз, - -дегенде:
- Уа, елдің игі жақсылары! Кешірім өтінемін. Адамның тәні топырақтан жаралмап па еді? Сол топырақты топан су бұзып, еркімнен айрылып қалып отырғаным ғой, - деп жауап берген екен ахун.
Осы жалғыз ауыз жауаптың өзінен-ақ ел арасында биік беделге ие болған Мырзабай ахунның сабыр иесі ғана емес, ахун деген атына лайық сөзге шебер, адамгершілігі жоғары, биік парасат иесі екені көрініп тұр. Міне ахунның немересі Шамсия Қалжанова айтқандай "Ахун дегеніміз сөз шебері" дегенін осыдан аңғаруға болады. Ел ішінде аты шыққан ғұлама, ілімді Ахундардың мұндай ғибратты сөздері ел арасында көбіне тек ауызша түрде айтылып жүр. Жазылған жағдайда да оқулық кітаптарға кірмей қалып қоюда. Дін иелерінің өнегелі өмірі мен ағартушылық қызметтері туралы  бүгінгі жас ұрпаққа айтып отыру, насихаттау жағы кемшін түсіп жатқаны жасырын емес. Осыны кестелі түрде жүзеге асырса өскелең ұрпақ  имандылыққа, адамгершілікке қатысты әңгімелерді санасына сіңіріп өсер еді.
Сондықтан дін иелері ғұламаларымызды ұлықтап, олардың таза, тура жолын насихаттап бойларындағы адалдықты ұрпақ санасына сіңіру керек. Дін десе төбе шашы тік тұратындарға айтарым Елбасының өзі ата-салтымыз бен дінімізді құрметтеу керек екенін айтты. Ал басқалай қисық пікірге бейім оқырмандарға атарым Аллаһтың ақ адал жолын ұстанған жандар құрметі үшін сол жерлерге нұр төгіліп тұрады екен. Сондықтан Аллаға жақын адамдардың үрметінен қорқыңыздар да, қара халық ішінен толғамды ой қозғағандарды кекетіп мұқатпай, кемшілігін тапқандарың жария салып бәлсінбей, ханға қарап сөйлеген Бұқардай «кемшін жерін билікке айтыңдар» ағайын!
Сәкен АЛДАШБАЕВ.
14 маусым 2018 ж. 1 502 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 113

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930