Күй шебері НҰРҒИСА
Қазақтың ән мен күй тарихында мақтауға сиятын адамның бірі және бірегей композиторы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері – Нұрғиса Тілендиев. Ол 1925 жылы 1 сәуір күні Алматы облысы, Іле ауданында дүниеге келген. Композитор қазақтың ұлттық өнері мен мәдениетінде өшпес із қалдырды. Көзі тірісінде халық әндері мен күйлерін оркестрмен орындаудың үлгісін жасаған ұлы тұлғалардың бірі. Аса дарынды композитор, дирижер, домбырашы және халық артисі. Оның шығармалары қазақ музыкасының алтын қорына енген. Әсіресе «Ата толғауы», «Әлқисса», «Жеңіс салтанаты», «Махамбет» сияқты күйлері мен көптеген әндері тыңдаушының жүрегінен орын тапқан.
Нұрғиса Тілендиевтің шығарма шылығы – қазақтың ұлттық болмысын, рухын, салт-дәстүрін терең бейнелей алған мәдени құндылық. Ол музыка арқылы халықтың тарихын, арманмұратын жеткізе білді. Сонымен қатар, «Отырар сазы» фольклорлыэтнографиялық оркестрін құрып, қа зақтың дәстүрлі музыкасын жаңа дең гейге көтерді. Күй құдіретін жүрекке жеткізген композитор 400-ге тарта ән мен романстың авторы. 50-ден астам драмалық қойылымға, 19 көркем фильмге, 17 мультипликациялық, 14 деректі-хроникалық фильмдерге музыка жазған. Артында өшпес із қалдырған дара тұлға осылай қазақ өнерін әлемге әйгілеп, есімі тарихта қалды.
Биыл көрнекті композитор, Ұлы Отан соғысының қатысушысы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толды. Осыған орай Ақай ауылдық кітапханасының коворкинг орталығында «Өнерін өнеге еткен Нұрғиса» атты өнер сағаты өтті. Ісшараның мақсаты – қазақтың ұлттық өнері мен мәдениетінде өшпес із қал дырған дара тұлғаның шығармаларын насихаттау.
Кітапханашы Қалимаш Мұса қызы ұйымдастырған өнер сағатында оқырмандарға Нұрғиса Атабай ұлы туралы өмірдерек фильмі көр сетілсе, «Алатау» әнін Нұрбек Айдаров, «Әлқисса» күйін Берекет Нұрмағанбетов, «Туған ел» әнін Алтынбек Каусар, «Саржайлау» әнін Бақытбек Исабаев орындап, тыңдау шысын тамсандырды.
Иә, Нұрғиса Тілендиевтің өнері – қазақ халқының рухани қазынасының шоқтығы биік мұрасы. Оның күйлері мен әндері ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, мәңгілік өнер ретінде халқымызбен бірге жасай бермек.
Қымбат МОЛЫБЕКҚЫЗЫ,
Ақай ауылы