» » » Рамазан – мұсылманның мүмкіндік айы

Рамазан – мұсылманның мүмкіндік айы

Мұсылман үшін қасиетті саналатын, шуақ шашқан Рамазан айы да келіп жетті. Бұл – сіз бен біз білмейтін сырларға толы ай.
Рамазан – рақым айы. Алла Елшісі: «Кімде-кім рамазан айында шынайы сеніммен, сауабын бір Алладан үміт етіп, ораза ұстаса, бұрын-соңды жасаған күнәлары түгелдей кешіріледі», деген. Қасиетті айдың құрметі үшін бір-бірін кешіріп, мейірімділік жолын ұстанған пенделер сауапқа кенеледі. Өзгеге мейірім көрсеткен адамға Жаратқан оны мейіріміне бөлейді. Кешіргенге – кешірім жасалады.
Қасиетті айда сауап амалды молынан жасап қалыңыз. Себебі дәл осы айда сауаптар еселенеді. Жақсылықтың сыйы – тек қана жақсылық. Аузы берік адам тілін жаман сөзден тежейді. Өйткені ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед: «Кім болса да ораза ұстаған күні жаман сөз айтпасын, әрі ешкімге дауыс көтермесін...», деп өсиет еткен. Рамазан айында ораза арқылы төзiмдiлiк, шыдамдылық, сабырлылық, жанашырлық, тақуалық секiлдi iзгi қасиеттердi өн бойымызға жинауға тырысамыз. Сондай-ақ бұл уақыт – қайырымдылық, мейрiмдiлiк, ізгі амалдардың еселене жасалатын уағы. Сол арқылы сауабымыз артып, күнәларымыз кешiрiледі. Оразаның денсаулыққа да берер пайдасы мол.
Рамазан айында тұтқан оразамыз бізді шыдамдылыққа, сабырлыққа тәрбиелейді. Алла тағала баршамыздың ниетімізді қабыл етіп, ораза тұтуымызды, жақсылыққа жолығуымызды нәсіп етсін. Тұтқан оразаларыңыз қабыл болсын.

Нұрболат РАХМЕТУЛЛАЕВ,
аудандық «Қармақшы ата» мешітінің бас имамы
01 наурыз 2025 ж. 317 1

Stephania от 3 наурыз 2025 10:54
Женский клуб Калининграда в телеграм - женская группа для тебя! Обсуждаем, комментируем, делимся вашими историями, обучающими материалами, хорошим настроением и новостями. Множество нужного: психология, мастер-классы, вопросы, ответы и многое другое. Ждём наших дорогих подписчиц в добром и светлом женском клубе. #Калининград #ЖенскийклубКалининград #ЖенскийКалининград #смотретьженский #женскийинтернет #телеграм #телеграмм #telegram Подпишись, чтобы быть в курсе!! Женский клуб онлайн - Калининград (https://t.me/Zhenskiy_club_kaliningrad) Женские чаты в других городах России:https://dzen.ru/a/ZxENV58LskVQ5mqV

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 412
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 209

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930