» » » Жаңа белеске көтерген күн

Жаңа белеске көтерген күн

qarmaqshy-tany.kz 16 желтоқсан – ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 31 жыл толды.
Тарихқа үңілетін болсақ, Тәуелсіздік – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы. Патша дәуірінде де, Кеңес Одағы кезінде де тәуелсіздікке деген ұмтылыс халықтың едеуір бөлігінде қалыптасты. Біз бірнеше жүз жыл отаршылдықтан кейін ХХ ғасырдың аяғында қайта жаңғырған мемлекетпіз. Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасыр бойы еркіндікті аңсаған шыдамдылығының өтуі. Ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. Басты байлық жай ұлттық мүдде емес, азаматтардың мүддесі мен қажеттілігі. Желтоқсан көтерілісі – Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. Одақтың тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды.
Желтоқсаншылар Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, тағы басқа батырларымызға мың тағзым. Осылайша әлемдік саясат аренасында Қазақстан деген мемлекет тәй-тәй басты. Небәрі бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды. Тәуелсіздіктің бесігінде 30 жылдан аса уақыт тербелген қазақ елі бейбіт аспан астында өмір сүруде.
Желтоқсанның ызғары да, қатып қалған мұзы да қазақ жастарын қорқыта алмады. Қайсарлықпен бодандыққа қарсы тұрған желтоқсаншы жастарға бас иеміз. Бүгінде ел жаңа, еліміз көркейіп, жеріміз жандануда. Бар әлемнің назары біздің елімізде. Қазақстанды бүкіл әлем таниды десек, қате айтқанымыз емес. Біз, жастар – тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз. Ата-бабаларымыздың аңсаған арманы – тәуелсіздіктің арайлы таңында еркін өмір сүріп жатқан бақытты жандармыз. Ендігі мақсат осы еркіндікті баянды ету. Аз уақытта бойын тіктеп, басқа шетелдерге үлгі бола білген еліміздің тәуелсіздігі құтты болғай. Қазақ елі, Қазақстан мемлекеті жасай берсін!
Бауыржан ЖҮНІС,
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық
қатынастар және Әлем тілдері университетінің ІІ курс студенті
06 желтоқсан 2022 ж. 521 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 375

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 455

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930