» » » Саңлақ сүлей – Базар жырау

Саңлақ сүлей – Базар жырау


"Бұқар жыраудан кейінгі қазақтың ірі жырауы - Базар жырау".
С.Сейфуллин.
Балқы Базар Оңдасұлы бұрынғы Қазалы уезі, Қармақшы ауданы, Көшербай болысы 6-ауылда Жаңадарияның ежелгі Шірік-Рабат қаласы маңында 1842 жылы дүниеге келген. Базардың әкесі Оңдас та өзі де кедейлікте тірлік етеді. Базар жетімшілікте өседі. Базар 16 жасқа келгенше түрлі жалшылық қызметтерде болған, Асан елінің атақты байы Жабағының Таспенінің қолында оның қойын бағады. Алғашқы жырау атанып, ел аузына ілігуі де осы кезеңдерде болуы керек.
Базардың өлең, жыр шебері болуға құмартып, от ауызды, орақ тілді шешен болуға ұмтылуына себепкер болған кейбір жайларды баяндайтын ел аузында аңыздар бар. Солардың бірі ауылдас Айпара қызбен сөз қағыстыруы. Өзі сұлу,әрі ақын болып өскен Айпара қарсы келгендерді өткір тілмен қағытып, қатарларын өзінің биік талантымен мойындатқан. Жігіттер қызды көрсе қаймығып, өткір сөзінен қашып жолай алмайды екен. Қыз бір күні жеңгесі екеуі түйемен қақтың суынан су алмақшы болады. Жеңгесі екеуіне бірнеше түйені жүктеу ауыр тиіп, қиналып тұрғанда Базар келіп, қызға көмегін ұсынады. Қыз көмекті қабылдап, көңілденген кезді пайдаланып, қыздан Базар жасын сұрап әзілдеген екен. Сонда қыз:
Бастаған жұғысың ба сөздің басын,
Бұл жерде сені маған кез қылғасын.
Айтатын бұрынғылар деген қайда,
Сұрама аттың тегін, қыздың жасын
Одан да емін неге сұрамайсың,
Күте алмай бір басыңды таз қылғасын.
Қыз сөзі сүйектен өтіп, азарланып намыс пен ызаға шыдамай Базар жылап жіберген екен дейді. Базардың жастай білім алмағаымен оның бойындағы табиғи талант пен дарын, оның сөз саптаулары білімсіз сауатсыз қатарына қосуға келмейді. Базар өз бойында түпсіз терең білгірлік барын көрсетеді. 1931 жылы Сейфуллин құрастырған "Ескі әдебиет нұсқаларында" және Базардың тұңғыш өлеңдері жарық көрді. Базардың ақындық өнері өзінің тірісінде бағаланды. Базарды көзі тірісінде бүкіл елдің алдында мадақтап бағасын берген Оразымбет ақын. Базар жан-жақты.Халыққа қиянат етушілерді өткір сынмен түйрейді.Әділдігі, адалдығы, адамгершілігі бар кісілерді мадақтайды, марапаттайды.
Базар жырау 1911жылы Бұқара облысы, Тамды ауданында Қызылқұмның қойнауындағы Жалпақтау төбесінің етегінде қайтыс болған.
27 қараша 2022 ж. 464 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031