» » Ауданымызда «Саңлақ сүлей - Базар жырау» атты өнер сағаты өткізілді

Ауданымызда «Саңлақ сүлей - Базар жырау» атты өнер сағаты өткізілді

qarmaqshy-tany.kz Қызылорда қаласы, Қармақшы ауданы қараша айының 16 күні «Қармақшы кент» кітапханасының  ұйымдастыруымен аудандағы "Аңсаған" мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігінде Сыр сүлейлерінің көшбасшысы «Базар жырау Оңдасынұлының 180 жылдығына» орай  "Саңлақ сүлей - Базар жырау" атты өнер сағаты өткізілді.
Іс-шараға ауданымыздың К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінің қызметкері және ауданымыздың жырау үйірмесінің жетекшісі Өтегенов Руслан Еркінбекұлы мен шәкірті Асылбекқызы Ағилат қатысып, жыр жырлап, өздерінің өнерлерін қатысушы көрермендерге көрсетті. Қармақшы кент кітапханашысы А.Сайлыбаева «Базар жырау Оңдасынұлының» өмір жолы мен шығармашылығына тоқталып, кеңінен ашық түсіндіріп, әдебиеттермен таныстырды. Қатысушылар арасында «Саңлақ сүлей - Базар жырау» атты өнер сағатына өздерінің ойларын, пікірлерін айтып, бөлісіп, кештің көңілді және жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.
Кеш соңында "Аңсаған" мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Райымбаева Бақыт апа қатысқан қонақтарға сый-сияпат көрсетіп, өзінің ризашылығы мен алғысын білдірді.
16 қараша 2022 ж. 497 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930