Үлгілі отбасы

qarmaqshy-tany.kz Отбасы құндылықтарын сақтай отырып, қазақи менталитетімізге сай ибалылық, кішіпейілділік қонақжайлылық, мейірімділік, жақсыға құштарлықты бойға сіңіре білген отбасыларымыз көп-ақ. Сондай үлгілі отбасылардың бірі бүгінгі кейіпкеріміз, көп балалы ана - Шатанова Қайыркүл Мирамбекқызы. Отбасында отағасы Шатанов Сапармен 5 бала тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы. Қайыркүл өзі Қармақшы аудандық емханасында еңбек етсе, жолдасы Сапар «Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери қақтығысының» «Ұрыс қимылдарының ардагерлігімен» зейнеткер. Үлкені Зухара Астана қаласында медицина саласында еңбек етуде. Екінші ұлы Дәулет Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінде студент. Жансая мен Мерейлім «Үсен Көлдейұлы Томанов атындағы №183 орта мектептің» озат, үлгілі оқушылары болса, кенжесі Дінмұхаммед биыл алғаш сол мектептің табалдырығын аттап, «Даярлық» тобына барды. Ұжымда да, достар, туысқандар арасында да үнемі жарқын жүзбен сыпайы, кішіпейіл, сыйлы жүретін олар отбасында бір-бірімен тату. Балалары сабақтан кейін үй шаруасына көмектесіп, үйде бос уақыттарын көңілді өткізіп,өздерінің сүйікті, пайдалы істерімен айналысады. Ата-анасы балаларының жан-жақты дамуына барынша жағдай жасауға тырысады.Бұл отбасында даталы күндер-Наурыз мерекесі,Аналар мейрамы, әрқайсысының туған күндері, мектептен Жеңімпаз атанған күндері атаусыз қалмайды екен. Жақсылап дастархан жайылып, шағын мереке ұйымдастырып, отбасылық құттықтаулар мен «тосын сыйлар» жасалынады  дейді анасы.
«Жыл сайын жазғы демалыстарын отбасымен бірге еліміздің үлкен қалаларына саяхаттауды әдетке айналдырған. «Балаларымыздың танымдылығы артып, болашаққа нақты жоспар қоюы үшін, жетістіктерге жетуі үшін мүмкіндігінше, жақсы оқып, көпті білгендерін қалаймыз. Сол мақсатта олардың тәрбиесіне, оқуына, денсаулығына аса мән береміз. Олардың әрбір жетістігіне қуанамыз.бала деген-біздің болашағымыз!», - дейді көп балалы ана Қайыркүл.
Осындай үлгілі жас отбасылардың арамызда көп екені белгілі. Бірақ жасыратыны жоқ, жақсы отбасыларды дәріптеуде кемшін түсіп жатамыз. Жақсымызды асырып,бір бірімізді ұлықтай жүрсек,қоғамның жақсы жағына өзгеруіне септігіміз тиеді.
Жақсы адамдар жанымызда жүр. Отбасы құндылықтарын сақтай жүріңіздер, жас отбасы.
24 қараша 2022 ж. 2 077 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 211

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930