» » » Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл

Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл

qarmaqshy-tany.kz 
Биыл қазақтың даңқты қызы Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толды
. Қаһарман қазақ қызы - Кеңес Одағының Батыры (1944). Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен Мәнсияның тілі келмей өзін Мәншүк деп кеткен. 
Қазақтың қаһарман қызы сол кездегі Орал облысы Бөкей Орда ауданының Жасқұс ауылында туған. Отбасындағы бесінші бала. Ата-анасы дүние салғаннан кейін, оны Алматыдағы әпкесі қолына алады. Мәншүк Мәметова орта мектепте, Алматы медициналық институтында оқыды. Сонымен бірге, ол Қазақ КСР Халық Комиссарлары кеңесінің хатшылығында жұмыс істеді.
1942 жылы Алматы медициналық институтының екі курсын тәмамдап, өз еркімен майданға аттанады. Сол жылдың тамызында қазақтың батыр қызы Қызыл Әскер қатарына алынып, бастапқыда құжаттарды толтыратын қызметкер, кейін далалық аурухана медбикесі болады.
Ол бос уақытында «Максим» пулеметінің құрылымын, жұмыс принципін зерттеумен айналысады. Осыдан соң өзін атқыштар бөліміне ауыстыруын өтініп, рұқсат алады. 1943 жылы 15 қазанда халқымыздың қаһарман қызы Калинин фронты әскерлерінің құрамында Псков облысының Невель қаласын азат ету шайқасына қатысқан. Гвардия аға сержанты, пулеметші Мәншүк Мәметова осы ұрыстарда өзінің мергендігімен, батылдығымен көзге түседі. Невель қаласын азат ету операциясы барысында ол басынан ауыр жарақат алғанына қарамастан, жаудың 70 сарбазын жер жастандырып, ерлікпен қаза тапты. Қазақтың батыр қызы Невель қаласында жерленген. Оған қайтыс болғаннан кейін 1944 жылғы 1 наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Биыл батырдың 100 жылдығы қарсаңында Орал халықаралық әуежайына Мәншүк Мәметованың есімі берілді.
Аты аңызға айналған батыр қыздың ерлігі жас ұрпаққа ұран болып қастерленіп, есімі мәңгі сақталады.
22 қараша 2022 ж. 900 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930