Шолпан Каринова М.Мәметова атындағы педагогикалық колледжіне барды
ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова Қызылорда облысындағы жұмыс сапары барысында М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде болып, «Жастық жалынымыз – сүйікті Отанымызға!» тақырыбындағы республикалық патриоттық жастар форумының ашылуына қатысты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Салтанатты шарада ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Танатқызы, аймақ басшысының орынбасары Балжан Шаменова, «Қос шынар: Әлия – Мәншүк» қоғамдық бірлестігі жетекшісі Ғалымжан Байдербес және Ақтөбе қаласынан арнайы келген колледждің көшбасшы студенті А.Нұрлыбекқызы мерейтоймен құттықтап, Мәншүк Мәметованың ескерткішіне тағзым жасады.
«Баршаңызды қазақтың батыр қызы – Мәншүк Мәметованың 100 жылдық, батыр есімімен аталатын киелі білім шаңырағының 90 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Ерекше атап өтетін жәйт, батыр есімін иеленген Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі бүгінде білікті педагог мамандар даярлайтын облыстағы іргелі білім шаңырағына айналды. Ғасырға жуық тарихында бұл оқу орнын мыңдаған шәкірт бітірді. Оның ішінде саналы ғұмырын еліміздің ағарту саласына арнаған, 2000-жылдары ҚР Білім және ғылым министрі болған Шәмша Беркімбаеваның осы оқу орнының түлегі екенін зор мақтанышпен айтуға болады. Бүгін, міне, алдымызда тұрған студенттеріміз де ертең үлкен өмірге жолдама алып, еліміздің жарқын болашағы үшін еңбек ететін болады. Осы игілікті сапарда барлық студент жастарға табыс тілеп, форум жұмысына сәттілік тілеймін. Барлық ұстаздар қауымына үлкен еңбектері үшін алғысымды айтамын», – деді Шолпан Танатқызы.Шара барысында ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі колледждің материалдық базасы мен атқарып жатқан жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, Шолпан Каринова форум аясында жарық көрген «Білім шамшырағы» атты кітаптың презентациясына қатысып, салтанатты түрде лентасын қиды.
Мұнан соң Шолпан Танатқызы форумға қатысушы қонақтармен бірге «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының «Дуалды оқыту алаңы», «Білім нұры» атты педагогикалық сабақтастық галереясы мен «Құзіреттілік орталығы», «Коркем енбек» шеберханасындағы кіріктірілген сабақтарға қатысып, студенттердің енгізген жаңарған жобаларына оң бағасын берді.
Айта кетейік, аталмыш форум Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың 100 жылдығы мен іргетасы 1932 жылы қаланған білім шаңырағының 90 жылдық мерейтойына орай өткізілуде.