» » » Қарттыққа таяп қалғанда...

Қарттыққа таяп қалғанда...

Көмескіленіп көктемгі із,
Жылыстап жаз да, көшкен күз.
Қасында қалғып қарттардың
Қиссасын тыңдап өскенбіз.
Адастырғанда арман-қыз,
Алдамшы етіп қалған күз.
Әр сөзі сойыл сары шалдың
"Сыбағасын" да алғанбыз.
Өтеді-ау өмір бұлдырап,
Көргенің одан құндырақ.
Ақсақал атанғандардан
Алғыс та алдық біз бірақ.
Күттірген үміт таңнан да,
Дүние шын-ақ жалған ба?
Артыңа алаңдармысың
Қарттыққа таяп қалғанда.
Жиғаным өлең там-тұмдап,
Сыр бағып өрен, ал тыңдап!
Тек көңіл жас қой демесең
Алпысты алдық алқымдап.
Бұл – ғұмыр қамшы қысқа сап,
Ұзартам десең – нұсқа тап!
...Ұлан да ұлтын ұлықтар –
Ұлылық жолды ұстасақ.

Достық ТІЛЕУБЕРГЕНОВ
28 қыркүйек 2021 ж. 890 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 978
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 207

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031