Құрылтай
» » » Сөз зергерлері арқа жерінде

Сөз зергерлері арқа жерінде

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінде Х Республикалық журналистика олимпиадасы өтіп жатыр. Аталмыш сайысқа 16 жоғарғы оқу орнынан 48 студент қатысуда.Білім бәсекесі 2 күнге жоспарланды. Олимпиадаға телевизияның 60 жылдығы арқау болды. Сайыстың ашылу салтанатында филология факультетінің деканы Әбдуов Мұхаметқали Ілиясұлы сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жүктелген тапсырма бойынша студенттер сюжет дайындап, эссе жазды. Сонымен қатар, бірнеше журналистика пәндерінен тест тапсырды. Олимпиаданың соңғы күні журналистің жеделділігін айқындау мақсатында жедел ақпарат сайысы бойынша сынға түсуде.Сондай-ақ, студенттер мен оқытушыларға шахтер шаһарының көрікті жерплерін көрсетті. Олар Сарыарқа археологиялық мұражайы мен университет музейін аралады. Мұражай меңгерушісінің сөзінше, мұндағы ең көне жәдігерге 2000 жыл болған. Әр жәдігер жеке-жеке нөмірленген. Студенттер Арқа жерінің талай тарихи құндылықтарымен танысып қайтты.
Аслан Қажиев
IT Университеті
30 наурыз 2018 ж. 1 313 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 687
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 137

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31