» » » Жамбыл туралы жыр

Жамбыл туралы жыр


Қаулағанда қырдан гүл,
Қарашықта тұнған нұр.
Ақын болсаң – айбозым,
Айшықталған із қалдыр.
Жасы жүзге жеткенше,
Нөсерлеткен көктемше
Жыр селдеткен бұл – Жамбыл!

Өне бойы бедерден,
Өлеңнен ой өрер ме ең,
Тау тасқыны тәрізді
Өткел бермей сөзі өрден,
Қыңыр байды күйінтіп,
Сүйінбайды сүйінтіп,
Батасымен көгерген.

Ғасырында ғұмырлы,
Көріп пе екен Қыдырды,
Жетегінде жұлқынтып
Жолбарысын қызыл-ды.
Жуи қойсын жан қайтіп,
Ұрымталдан салса айтып
«Ұрайын» деп қызыңды.

Хақ тұғырдан тайғанда,
Ақиқатты айманда.
Даңқы менен дақпыртын
Жер-жаhанға жайған ба?
Беу, Жапаның заты ұлы ,
Алшы түскен асығы –
Айтыс дейтін майданда.

...Бұлт түксиіп төбемде,
Мен тұнжырап төменде,
Отты жылдар тарихы
Тартып тылсым тереңге...
Рухты, өршіл, өрелі
Сыйлапты өмір өлеңі
Ленинградтық өренге.

Тағдыры тән тұлғаға
Жүз жасауда сыр бар, ә!
...Сары шалды сағынған
Сағым аулап тұр дала...
Қу ағаш па қолында,
Жамбылтаудың жолында
Қарауытып бір қара...

Сол – Жамбылтау етегі
Аттас абыз мекені.
Қара жолда көргенім –
Елес емес деседі.
...Арыны асау бұлақ па,
Қай-қайдағы үн құлаққа
Жаңғырығып жетеді.

Қаулап сонда қырдан гүл
Қарашықта тұнған нұр.
Атқан ақ таң – ақ арай
Айналамды нұрландыр!
Көктеміне ынтызар,
Көгерген-ді мың шынар,
Келер ме енді дүр Жамбыл?!

Достық ТІЛЕУБЕРГЕНОВ
06 сәуір 2021 ж. 671 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031