Топ-баннер
Топ-баннер2
» » » Бақыт кілті – отбасында

Бақыт кілті – отбасында

Жақында аудандық аналар кеңесінің ұйымдастыруымен өнегелі отбасылардың жастармен кездесу кеші өтті. Аталған іс-шараға аудандық аналар кеңесінің төрайымы Г.Раева, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ аудан бойынша сарапшысы А.Нұрмағанбетова, және аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғ.Нысанбаев қатысты.
Мұнда үлгілі отбасылар туралы бейнебаян көрсетіліп, көпшілік қауым отбасы тақырыбында әңгіме қозғап, ойландырып жүрген тақырыптарды көтеріп, пікір-тілектерін білдірді. Шаңырақ шаттығы мен отбасы берекесінің қуанышы қандай, қиындық неден туындайды деген мәселелер төңірегінде әңгіме өрбіді. Бұл жолғы тақырыптың жөні бөлек. Қаншама отбасы бақытсыздыққа ұшырап, жетім мен жесірдің саны көбейгені әрине, өзекті өртейді. Осы төңіректе мұндай жағдайға жетпеу үшін не қажет, нені ескеру керек деген сұрақтарға толық жауап берілгендей болды. Отбасылық құндылық мәселесі қазір күн тәртібінен түспей тұрған өзекті тақырыпқа айналды. Сондықтан, жастар арасында мұндай түйткілді тақырыптарды көтеріп отырудың маңызы айрықша екені де шындық.
Ұлттық отбасылық құндылықтарымызды насихаттауда өнегелі тәлім-тәрбиесі жастарға үлгі болып келген отбасылар ұйымдастырушылар атынан алғыс хатпен марапатталды.

Айнұр ӘЛИ
09 желтоқсан 2020 ж. 950 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 603
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031