Жыл басы келеді

Айткүл Үбісұлтанқызы Тұрмағамбет ауылының тумасы. Ол жыр күмбезін қондырған  үкілі Сыр елінен шыққан жырау әрі шежіреші Үбісұлтан Аяпұлының ұрпағы. Айткүл – бүгінде орталық ауруханада еңбек етеді. Қолы қалт еткенде қолына қалам алып, өлең жазады.  
ЖЫЛ БАСЫ КЕЛЕДІ
Жотасы жібіп жыра сай,
Сылаңдап сылқым бұлақтай.
Сырласты бақтар жағалай,
Жүрегім сен де сыр ақтар.
Көтерсе басын раңдар,
Сұраңдар содан көктемді.
Диқандар жазар шығарма,
Дәптер ғып қыр мен бөктерді.
Құмартып шопан жайлауға,
Жусанның исін сағынар.
Бойжеткен сұлу қыздарға,
Сағыныш хаттар ағылар.
Есігін ашып үйімнің,
Гүл болып жайна өлеңім.
Шуағын құйған мейірімді,
Наурызды шексіз сүйемін!
12 ақпан 2020 ж. 1 048 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

11 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 817
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 099

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930