Мағжан Жұмабаевтың Сәбит Мұқановқа жазған хаты

Мен Қазақстанға жаңа жолға түскенімді өзімнің қалам ұшыммен көрсетсем деген жалғыз тілекпен оралдым. Қалай болғанда да орталыққа жетуім керек деп шештім. Егер жолға қаражат тапсам, орталыққа баруды ойлап отырмын. Әрине, өз халімнің мүшкілдігін айта отырып, Сізді де бірдемеге міндеттегім келмейді. Сізге осылай жазуға қазіргі халім итермелеп отыр. Кешіріңіз. Бұл хатты қыдырып келген туыстарым жақтан, "Степняктан" жазып отырмын. Төрт-бес күннен соң қайтамын.
Құрметпен, Мағжан.
20 февраль, 1937 жыл
Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі жазбасынан
20 февраль, 1937 жыл
Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі жазбасынан