» » » Тілектер тоғысқан күн

Тілектер тоғысқан күн

Жақында Алматыда республикалық Ұлттық кітапханада «Эльдар Исмаилов – Қазақстанда» атты кітап-альбомның салтанатты тұсаукесері өтті. Кітапта Азербайжан еліндегі «Dede Gorgud» Ұлттық қорының президенті, халықаралық «Азербайжан дүниясы» журналының бас редакторы Эльдар Исмаиловтың өмірі мен қызметі туралы және Қазақстандағы сапары қамтылған.
Кітаптың авторы Насиха Кенжина – «Азербайжан дүниясы» журналының Қазақстандағы және Орта Азиядағы ресми өкілі, аталған қордың Қазақстандағы вице-президенті. Шараға Бакуден Эльдар Исмаилов шақырылды. Сондай-ақ «Гейдар Алиев» атындағы Азербайжан-Қазақстан Достық қоғамының президенті Эльдар Гюннайдын, Москвадан «Астана» қорының президенті, Халықаралық Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Жарқын Өтешова, Нұр-Сұлтан, Алматы, Орал, Түркістанқаласы мен Сыр елінің және мәдени орталықтары мен қоғамдық ұйымдарынан өкілдер қатысты. Салтанатта автор осы кітабы арқылы кейіпкеріне Қазақстандағы еңбектері мен қызметі жайлы сыйлық жасағысы келгенін атап өтті. Айтулы сыйды құрметпен қабылдаған Эльдар Исмаилов Ұлттық қордың «Алтын жүрек» орденімен Іскер әйелдер ассоциациясының мүшесі «Асар-Орал» қайырымдылық қорының төрайымы Ғалия Сатыбалдинаны, «Әділдік қылышы» орденімен қайырымдылық акциялары үшін «Group Almaty» компаниясының бас директоры Слямхан Сағымбековты марапаттады.
Бұған қоса, Нұр-Сұлтан қаласынан келген Ұлттық өнер уиверситетінің ұстазы Гүлнахия Бержанова картиналар мен кәдесыйлар тарту етсе, компазитор Айсұлу Қыдырбаева өз шығармасынан ән арнады. Сол секілді өнер Академиясының ректоры Гүлшат Себепова тілегін білдірсе, Алматы Мемлекеттік көпсалалы колледжі директорының орынбасары Майя Молдакулованың есту-сөйлеу қабілеті шектеулі студенттерінің өнері тамашаланды. Басқосуда республикалық «Игілік» журналының бас редакторы Меруерт Әйтенова Гумарқызына шығармашылық табыс тілеп, ризалығын айтты. Айта кетейік, осы салтанатқа «Эльдар Исмаилова және Насиха Гумарқызы – Қорқыт елінде» атты видеоролик пен аудан әкімі Мұса Қалдарбековтың Насиха Гумарқызына арнайы беріп жіберген Құттықтау хаты табысталды.
Тамара ҚАЛАБАЙҚЫЗЫ,
«Игілік» журналының Қызылорда облысы бойынша ресми өкілі         
05 ақпан 2020 ж. 761 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930