» » » «Қимайтын затыңды бер». Қазақтар мүшел жасында қандай ырымдарға сенген?

«Қимайтын затыңды бер». Қазақтар мүшел жасында қандай ырымдарға сенген?

Қазақ халқы мүшел жасқа қауіппен қараған.
«Қазақ мүшел жасты «қатерлі жас», «қауіпті кезең» деп есептеген. Адамның өмірі әр он екі жылдан бір қайырылғанда қамыстың буын-бунағына ұқсайды деп қараған. Жел ұрған қамыс буынынан сынады. Өмірдің де буыны мүшел жас деп қараған. Сондықтан мүшел жасында алыс сапарға жалғыз шықпаған, той жасамаған, өлімді жерлерге көп бармаған, адамдармен шармаяқтасып ұрыспаған», — дейді маман.
Мүшел жаста қандай сыйлықты кімге беру керек?
Этнограф мүшел жасқа келген адамның бағалы затын сыйға тарту керек екенін айтады.
«Мүшел жасқа шыққан кезде адам өзінің қимайтын бір затын жолдас-жорасына, тілеуін тілеп жүретін қарияға, құрбысына, болмаса ауылдағы дуалы ауызды адамға беріп, содан бата алған. Бұл рухани тұрғыда желпініп, сергек жүріп, өз өмір бағытын дұрыстау жолында жасалған іс. Қимайтын затын садақаға бергеннен кейін көңілі кеңейіп, сергіп қалады екен. Өзіне төнген қауіп-қатер, сырқат садақа беру арқылы кетеді деп сенген. Бұл сыйлық — аман-саулық, бақыт жолында берілген садақа», — дейді ол.
Маманның айтуынша, сыйлықты көбіне бата алу үшін берген.
«Бұрын байлар, жомарттар мүшел жасқа келгенде атын не қымбат тонын, алтын жүзігін, жан садақасы деп малдай, заттай сыйлаған. Мүшел жаста өзі ұзақ ұстаған затын беру керек деп ойлаған. Мұндай сыйлықты жәй адамдар емес, бата бере алатын, дуалы ауызды, жылы лебізді адамдарға береді», — дейді Болат Бопайұлы.
Бірақ мүшеліңде біреуге сыйлық бермесең, қауіп-қатер келеді білдірмейді екен.
«Әрине, өзіңе қымбат затыңды сыйламасаң, міндетті түрде ауыр сырқатқа ұшырайсың, қауіп-қатер келеді деген сөз емес. Бұл ұлтымыздың тіршілігіне қабылданып кеткен ырымды кәделер. Дүниесін сыйға тарту арқылы қазақта рухани түрде серпіліп қалатын болған. Оның үстіне, мүшел жасқа келгеннен сый алған адам үшін де бұл үлкен құрмет саналады», — дейді этнограф.
Мүшел жастағы адамға қандай тыйым салынған?
Этнографтың айтуынша, қазақ халқы мүшел жастағы адамға түрлі қауіп-қатер төнуі мүмкін деп сенген.
«Қазақ халқы мүшел жасқа толғанда жалғыз өзі ұзақ сапарға шықпайды. Өйткені мүшел жаста адам әлсіз күйде болады, қауіп-қатердің арасында өмір сүреді деп ырымдаған. Одан қалды, қазақ мүшел жасында сәнді киініп, көрікті болып, көзге түспейді. Себебі ондай жағдайда тіл мен көз тез тиеді деп қорыққан. «Мүшел жастағы адамның бір аяғы көрде, бір аяғы жерде болады» дейтін сенім бар», — дейді Болат Бопайұлы.
Оның айтуынша, қазақ халқы мүшел жасқа толған жылы өз жасын жасырады. Не бір жас кемітіп, не арттырып айтады. Себебі мүшел жастағы адамға тіл-көздің сұғы тиеді деп ойлаған.
Сонымен қатар, этнограф мүшел жасқа келгенде мал сойып, қан шығару керек деген сенімнің дұрыс емес екенін айтады.
«Адам өз мүшел жасында қай жануардың жылында туса, сол жануарды соймайды. Жәндіктерді де беталды өлтіре бермейді. Қан төгілген дұрыс емес деп сенген. Негізі мүшел жаста қан шығармайды», — дейді ол.

aqparat.info
01 ақпан 2020 ж. 1 272 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 068

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031