Қалқай ишанның үйтамы неге құлай берген?

«Балалары Қалқайдың үйтамын Қожа Ахмет Яссауи ғимаратының үлгісімен үлкен де биік етіп салдырған. Халықтың ишанға құрметі сондай, кесенені қымызбен илеп тұрғызған. Ал, суды Қараөзектен алған. Адамдар сол жерден кесенеге дейін бір қатарға тізіліп, шелекті қолдан қолға жалғап беріп тұрған деседі. Кесененің алдыңғы босаға маңдайының биіктігі 14 метрдей. Оны салған кезде жоғары күмбез мойнағы Марал үйтамынан қарыс сүйем биік өріліпті. Ертеңіне келсе сол артық жер опырылып, ортасына түсіпті. Қайтадан өріп, иіп келтіреді. Оның ертеңіне де тап солай бұзылған. Ақыры төбесін сол тесік күйінше қалдырыпты. Қазір басына барғандар оны өз көзімен көреді», – дейді шырақшы Бекболат Ералиев.
Д.Омаров