Тентек жиен


Көкбай бір жылы Абайды Тойған деген кісінің үйіне ертіп барыпты. Ол үйдің Зағипа деген еркешора қызы есейіп қалса да Көкбайдың жанына келіп, басындағы тақиясын бір алып, бір кигізіп, мазасын ала беріпті.
Зағипаның шешесі Көкше Көкбайдың ауылынан болғандықтан ол нағашы деп еркелейді екен. Абай қызды одан сайын қайрай түсіп, Көкбай қайтер екен деп отырса керек.
Көкбай: «Зағыш мына ақшаны ал да апаңмен еріп барып кәмпит алып же» деп оны алдаусыратпақ болып ақша ұсыныпты. Қыз ақшаны жыртып тастайды.
Сонда Көкбай:
«Мынау кім деп отырсам қасымдағы,
Қоймады-ау тақиямды басымдағы.
Бұл әлде өзі менің жиенім бе?
Мінезі мен секілді жасымдағы.
Тентек болып мен ақша жыртпаушы едім
Тентектігі менен де басым-дағы» дегенде Зағипа үйден шыға жөнеліп, қайтадан Көкбайдың жанына ұялып келмей қойыпты.
Абай оған шаттанып: «Көкбай сені ұнататыным осындай тапқыр шешендігің ғой. Ұрмай-соқпай баланы тоқтаттың-ау» депті.
Ел аузынан жинаған Сұлтанбек МЫРЗАБАЕВ
13 қараша 2019 ж. 1 345 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930