
Жебеден жігітке мінез қонар
Бала күнімізде түзу ағаш көрсек одан қару жасап ойнайтынбыз. Қару болғанда қандай түрі? Анау шетелдің қатарынан оқ жаудыратын автоматын емес, кәдімгі қазақтың қылыш найзасын, садағын жасайтынбыз. Өзім соның ішінде садақ жасап, жебесін тартып ойнағанды қатты жақсы көрдім. Талдардың иілген жіңішке бұтағын...
















