» » » Алматыда Шәкен Аймановқа ескерткіш ашылды

Алматыда Шәкен Аймановқа ескерткіш ашылды

Алматыда аңызға айналған атақты кинорежиссер Шәкен Аймановтың ескерткіші ашылды.
Бұл  «Тақиялы періште», «Біздің сүйікті дәрігер», «Атаманның ақыры» сынды сүбелі туындыларды дүниеге әкелген санқырлы талантқа көрсетілген құрмет.  
Мүсіннің Алматы қонақүйінің алдына орнатылуының өз себебі бар. Кинорежиссердің атақты «Тақиялы періште» фильмінің негізгі кадрлары осы жерде түсірілген. Енді кейінгі ұрпақ дара тұлғаны еске алып, оның мүсінінің жанында суретке түсе алады. Шығармашыл жанның бүкіл болмысын ашқан мүсіннің авторы Нұрлан Далбай. Ескерткіштің ашылуына жиналған өнер майталмандары Шәкен Айманов жайлы естеліктерімен бөлісті.
Асанәлі Әшімов, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, актер:
- Планетарный адам болса нағыз – бұл Шәкең. Москвада бірінші бүкіләлемдік кинофестивальде би обьявит етті жүргізуші вуги-вуги деген, жаңа шыққан кезі еді. Соны Элизабет Тейлормен билеп, бірінші орын алғанына куәгермін Шәкеңнің.

17 мамыр 2019 ж. 1 122 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930