» » » «Текті сөздің төресі – терме»

«Текті сөздің төресі – терме»


Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылы «Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Текті сөздің төресі – терме» тақырыбында облыстық фестиваль өткізілді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру – Болашаққа бағдар» мақаласы негізінде жүз шайыр шыққан Тұрмағамбет ауылының тарихын, мәдениетін, жыр өнерін оқушылар жарыса зерттеп, жоспарланған іс – шараның мазмұнды өтуіне атсалысты. Облыстық шараға Қызылорда облыстық білім басқармасы әдістемелік кабинеттің бөлім меңгерушісі Гүлайым Ақмырзаева Ермекбайқызы, аудандық білім бөлімінің əдіскері Ақтолқын Тоқшылықова Каналбекқызы бастап әр ауданның жас ұлан ұйымының хатшылары, жыршы – термеші оқушылары келіп қатысты. Ауылға кіре берісте тұлғаланып бой көтеріп тұрған Тұрмағамбет Ізтілеуов ескерткішінен келген қонақтарды күтіп алып, ескерткіш тарихы тыңдалып, Ата ескерткішінің басында елге келген қонақтарға арнау айтылып, жырдан шашу шашып қарсы алды. Мектепке келген сәтте қолына домбыра алып сап түзеген ән – әуез пәнінің мұғалімі Роза Алдамұратованың жыршы-термеші оқушыларының әуелеген жырымен қарсы алды. Оқушылар келген қонақтарға құттықтау лебізін білдірді. Жырға сүйсініп бір-бірімен таныстықтан соң мектеп директоры Зарипа Тасымова «Сыр Елі – Жыр Елі» мұражайымен таныстырды.
Дүниеден өмірім бітіп өтсем де өзім,
Аралап жердің жүзін жүрер сөзім.
Көре алмай кейінгіні кеттім-ау деп,
Арманда болмай-ақ қой екі көзім
– деп жырлағандай Тұрмағамбет атаның мол мұрасымен танысты. Мұражай таныстығынан кейін сынып жетекші Айымжан Бектасова мен тәлімгер Бибігүл Айтбақованың «Жас ұлан» сағаты өтті. Онда маңызды тақырыпта әлемді таңқалдырған Шаһнама кітабымен танысып, ондағы Иран батырлар жырымен танысып, қазақ батырларының Қобыланды, Алпамыс жырларын оқушылар жарыса орындады. Шараның ең мазмұнды түйіні «Текті сөздің төресі – терме» тақырыбындағы жыр керуеніне ұласты. Облыстан келген жыршы оқушылармен Тұрмағамбет ауылының жыршы – термешілері бірігіп қатар отырып, Тұрмағамбет ауылын жырға бөледі. Жыр бесігінде тербелген Тұрмағамбет ауылының өнеріне облыстан келген қатысушы қонақтар ризашылық білдіріп тарасты. Барлық жыр терме орындаған 18 оқушыға Гүлайым Ермекбайқызы «Алғыс хаттар» мен бағалы сыйлықтар тапсырды. Мектеп ұжымы, мектеп тәлімгері «Мақтау қағазымен» марапатталды. 
Іс – шараның көркін аша түскен Тасберген жырау мектебінің, Жиенбай жырау мектебінің ұстаздары Дінислам Тоқсанбаев, Алмат Азаматов, жыраулық мектепте ұзақ жыл еңбек етіп республикалық, халықаралық жүлдегерлер тəрбиелеген, шəкірті Елбасы қолынан домбыра сыйлығын алған Зəуре Кəрібаева, ауылдық Қуандық Бүрлібаев атындағы клуб үйінің директоры Бәйменов Талғаттың еңбегі ерекше болды. Үлкен кішісі бір – бірін қолдай кететін қаймағы бұзылмаған, береке бірлігі артқан елдің бір тамаша есте қалар сəті болды.
13 мамыр 2019 ж. 1 992 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031