» » » Жыр сүйген елдің ұлы едім!

Жыр сүйген елдің ұлы едім!




Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ,
Ғани Мұратбаев атындағы
жастар сыйлығының иегері.

АБЫРОЙ, АР – ОРТАҚ

Әлімсақтан әдетім,
Әдептен әрі аспадым.
Көнекөз қарияларым,
Дүниені деген қас-қағым.
Ерлер көп өткен елім деп,
Ойламай жеке бас қамын,
Жігіттер көбейді бұл күнде,
Бос кеуде, жалқау, мес қарын.
Аруларды алдап аяулы,
Абыройын төгіп жасқадың.
Жағдайы жаға ұстатар,
Жабырқағандай жас жаның.
Қазақ қыздарын бөлмеймін,
Әпкелер, қарындастарым.
Сүттің дәмі қаймақпен,
Қырмаймын қазан қаспағын.
Үйленбей жатып ұл-қыздарын,
Балалы бола бастадың.
Қажетсіз заттай қарамай,
Тасжолға сосын тастадың.
Шарана кезден шетінетіп,
Не жазығы бар қасқаның.
Иманды елдің ұрпағы,
Түсінер сөздің астарын.
Қай жаққа кетіп барасың,
Замандас, құрбы, достарым.















БАБАЛАР ТІЛІ БАЙЛЫҒЫМ

Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Жел өтінде қалып қойған ақ гүлім.
Тіл – рухым, тіршілігім тамыры,
Жүрегіме жылу беріп жатты үнің.
Тұғыр тепкен көңілімнің көгінен,
Тіл тағылым, өлшенбейтін өмір ең.
Тіл тәуелсіз бақытым мен байлығым,
Тарихыма таңбаланған мөрім ең.
Тіл тосылмай талай ғасыр жетерсің,
Сен себебі сөгілмейсің бекемсің.
Перзенттік парызы алдан өтелсін,
Келер ұрпақ төбесіне көтерсін.
Оғызнама жыры болып жеткен тіл,
Фарабимен мұхит асып кеткен тіл.
Қара тасқа қашап жазып қайғысын,
Өшпейтұғын, өлмейтұғын неткен тіл.
Бесігімде жырмен мені өпкен тіл,
Құйылғандай ақ сәуле боп көктен нұр.
Азбайтұғын, тозбайтұғын сүйегі,
Жаралғандай таза асыл тектен бір.
Төле биде ақыл болып аққан тіл,
Қазыбек би қазық қылып қаққан тіл.
Әйтеке би қосылғанда арнасы,
Кемелденіп теңіздей болып жатқан тіл.
Елбасы айтқан ана тілі құнды ұғым,
Билер елдің бекемдеген бірлігін.
Қасиет тұтып қастерлеген хан Абылай,
Ана тілім тұғырында тұр бүгін.
Туған тілім сені мәңгі сүйемін,
Бабалардан қалған тілім киелім.
Тоқсан ауыз сөздің жалғыз киесін,
Тобығындай бабалардың түйемін.










04 ақпан 2019 ж. 1 263 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 89

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 231

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930