» » » ЖЫРТЫҚ КИІМ ЖОҚТЫҚТАН БА, ТОҚТЫҚТАН БА?

ЖЫРТЫҚ КИІМ ЖОҚТЫҚТАН БА, ТОҚТЫҚТАН БА?

Кент көшелерінің бірімен жүріп келем. Қарсы алдымнан екі жас жеткіншек тоқтап, жақын маңдағы дүкенді сұрады. Жөн сілтеп тұрып, назарымның үстеріндегі киімге түсіп кеткенін өзім де байқамадым. Омырауы ашық ақ жейде мен әр жерінен жыртылып, жібі салбыраған джинс шалбар. Оған қысылып тұрған қыз жоқ. Бәлкім, ойында қалар деген ниетпен: «Қызға көйлек жарасымды. Шалбарға несіне қызықтыңдар?», – дедім. Қыздың біреуі: «Шаруаңыз қанша. Бізді сынайтын кім едіңіз? Қазір жыртық шалбар – трендте», – деп бұлтиды.
Тренд демекші, джинс шалбар, костюм, белдемше, комбинезон дегенің бұрын да бар. Айырмашылығы, тек жырым, жыртық болмайтын. Бұл өзі қайдан келді? Қашаннан бастап ел оны тұтына бастады? Ендеше, бүгінде әлемді шарлаған көк түсті киімнің тарихын бір шолып өтейік.
Алғаш рет джинс шалбарды 1853 жылы тігінші Ливай Страусс фермерлерге ұсынған. ХІХ ғасырдың ортасында жұмыс киімін ковбойлар мен алтын іздеушілер де түкірігін жерге түсірмеген. 1873 жылы еврей саудагерінің баласы америкалық Лейба Штраусс арнаулы жұмыс киіміне патент алып, сатылымға шығарды. Ол 1960-жылдары әлемдік сәнге айнала бастайды. Шалбар матасы мақтадан өндірілді. Оған индиго бояуы қосылды. Қазіргі кезде джинстің шамбри, саржа, деним, джин, экрю, басқа да түрлері қолданыста. Бір қызығы, археологтар қазба кезінде алты ғасыр уақыт бұрын Перуде индигомен боялған мақта матасын тапқан. Соған қарағанда, джинстың тарихы әріде жатқан болуы ғажап емес. Енді, кеңес одағында бұл шалбар қай кезде пайда болды? – деген сауалға келейік. 1957 жылы Ресейде бүкіләлемдік жастар мен студенттер фестивалі өткен болатын. Айтулы шарада джинсті Мәскеу, Питер жастары киген. Әйтсе де, бұл өніммен бұған дейін орыстар шетелдік саяхатшылар, студенттер арқылы білетін-ді. 1964 жылы джинс сататын дүңгіршек жұмыс істеді. Шалбардың атақты бола бастағанын орыс жазушылары Василий Аксенов, Евгений Евтушенконың шығармасынан анық байқауға болады.
Бір жарым ғасырлық тарихы бар киім үлгісі әркез өзгеріп, жаңарып отырды. Джинстің қазіргі түрі – еліміздегі батыстық үрдіс пен кеңестік дәуір мәдениетінің «жемісі» екені белгілі. Әдетте, сән – адамды сұлулыққа, эстетикалық талғамға тәрбиелейді. Әйгілі актриса Софи Лорен: «Ең сәнді киім – жарасымды және өзіңді жақсы сезінетін киім» деген. Құрлық асып келетін тауардың сәнмен қатар, кәсіп екенін де естен шығармаған абзал. Әсілінде, адамға киім не үшін қажет? Осы жағын ойланып көрдік пе? Оның басты қажеттілігі – ұятты жерді жасыру. Сол арқылы адамның ішкі жан дүниесін, тәрбиесін, мәдениетін көрсету.
– Қазақ – сөз жоқ, талантты халық. Бірақ, оған әсіре еліктегіштігі кейде зиянын тигізетін секілді. Абай атамыздың тілімен айтқанда: «Бір ғалымды көргенде, соған ұқсап-бағуға тырысу – жөн, әрине. Еліктеудің өз реті болады. Ойды бұзатын, санаға көлеңке түсіретін жамандықтан атаулыдан қашу – иманды, инабатты жастың ісі. Кей құрбыны түсінбеймін. Ата-ананың қалтасы көтермесе де, жанын қинап, киім алдыртады. Бір танысым бар. Үйінде әкесі ғана жұмыс істейді. Көп балалы отбасы. Анасын мазалап, қазіргі сәндегі жыртылған джинс шалбарын сатып алдырды. Оны кисе, қасында жүрге ұяламын. Жұрттың көзі шалбардың жыртық жамауында. Бұл қазақ қызына тән емес. Бүгінде жасөспірімдер корей сән үлгісіне еліктейді. Оған себеп – деледидардағы кәріс киносы. Қыздар қолаң шашын қиып, ауызды қара маскамен тұмшалады. Көзге заманауи «нулевка», иә ол осылай аталады, көзілдірік тағып жүр. Мейілінше, мұндай шалбарды сезімі жоқ, жеңіл ойлы жастар киеді. Өз басым кие алмас едім, – дейді 13 жасар Аяулым Жаудетова.
ТҮЙІН
Бір айтарлығы, жыртық шалбар – бүтін тігіледі. Артынан станокте егеледі. Егелген шалбар жыртылып, жіптері шашақтанады. Кейде жасөспірім шалбарды қайшымен қиып, қолдан да жыртып тұтынады. Бұрын жоқ-жұқа не жамау киюші еді. Біздікі не жорық?
Сәрсенкүл АҚКІСІ,
«Қармақшы таңы».
28 шілде 2018 ж. 2 192 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 053

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031