» » » ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Еліміздегі «Мерейлі отбасы» байқауы – берекесі ұйысқан шаңырақтарды насихаттауға бағытталған. Биыл 11-ші рет өткізіліп жатқан байқаудың тамыры тереңде. Жақында ұлттық байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет қатысып, отбасылық құндылықтың маңызы мен тәрбиелік тағылымы туралы орамды ойын жеткізді. Сондай-ақ республикалық кезеңге жолдама алған отбасыларды марапаттады.
– Отбасы – ұрпақтар сабақтастығы мен адам бойындағы руханиадамгершіліктің бастауы. Тек берік отбасылық дәстүрге орныққан ел ғана мызғымас мемлекет бола алады. Елдің бірлігі мен ынтымағы ең алдымен отбасыдан бастау алады. Әке – шаңырақ иесі, ана – отбасының жүрегі, бала – ертеңгі болашағымыз. Осы үштаған бірлікте болса, мемлекетіміз қуатты, қоғамымыз тұрақты болады. Ұлт қайраткері Мағжан Жұмабаевтың «Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек, олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі, талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн» деген тағылымды сөзі бар. Сіздер өнегелі ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Барлығыңыз да шынайы құрмет пен мәртебелі мадаққа лайықтысыздар. Бүгінгі мерейлі күнде шаңырағында ізгі қарым-қатынас, игі дәстүрлер сақталып, өзара сыйластық салтанат құрған барлық отбасыға ризашылығымызды білдіреміз. Салтанатты сәтте әрбір отбасына жарасымдылық, шаттық, амандық пен бақ-береке тілеймін. Ата жолын жалғастырар мерейлі ұрпақ көбейе бергей, – деді Мейрамбек Зинабдинұлы.
Конкурс қорытындысымен «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы облыстық кезеңінің жеңімпазы болып Сырдария ауданынан Әбсадықовтар отбасы танылып, бас жүлде иеленсе, аралдық Жақыповтар отбасы І орын, қармақшылық Әбілтаевтар әулеті ІІ орын, қызылордалық Арысбаевтар отбасы ІІІ орын иеленді.
Әсілінде, отбасы құндылығы барлық құндылықтан жоғары тұрады. Себебі Отанның қандай болмағы онда өмір сүріп жатқан әрбір отбасыға тікелей байланысты. Міне мерейлі күнде өнегелі ұл-қыз тәрбиелеп, аудан абыройын асырған Әбілтаевтар отбасының жүлделі орны құтты болсын, киелі топырағымызда үлгілі отбасылар көбейе берсін дейміз. Отбасы әрдайым да өнегенің өзі, тәрбиенің көзі болып қала береді.
«Қт» ақпарат
22 қыркүйек 2025 ж. 59 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 469
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 272

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930