» » » ЕСІҢЕ МЕНІ АЛҒАЙСЫҢ...

ЕСІҢЕ МЕНІ АЛҒАЙСЫҢ...

Төретам кентінде поэзияның Хантәңіріне айналған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын насихаттау мақсатында Мұқағали оқулары өтті. Байқау барысында кент кітапханашысы Айгүл Ермахан «Ақиық ақын – Мұқағали» тақырыбында кітап көрмесін дайындап, көрермен назарына ұсынды. Ақын өлеңдерін өрнектеуге кент көлеміндегі білім ордасының оқушылары мен балабақша бүлдіршіндері қатысты.
Аталмыш байқау үш бөлімді қамтыды. Атап айтар болсақ, алғашқы бөлімде қатысушылар ақынның өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыса, екінші бөлімде вокал жанры бойынша өнерпаздар ақын сөзіне жазылған әндерді нақышына келтіре орындады. Үшінші бөлім жас ақындардың Мұқағалиға арнауымен жалғасын тапты. Бұл сында өз ұстанымы бар, өз ісінің майталмандары Төретам кенті әйелдер кеңесінің төрайымы Ахметкүл Аралбаева, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Айдана Жиеналиева, жергілікті ақын Мөлдір Тәңірбергенова қазылық етті.
Барлық бөлім бойынша байқауға 100-ге жуық оқушы қатысты. Тартысты додаға әр мектеп пен балабақша өз жүйріктерін қатыстырғандықтан, баға беру оңайға соқпады. Қазылар алқасы жас ерекшеліктерін ескере отырып, балабақша бүлдіршіндерін бөлек бағалап, көркемсөз оқу номинациясы бойынша №22 «Гау хартас» бөбекжай-бақшасының бүлдіршіні Дінмұхаммед Қаппар «Бас жүлде» алса, Мүсілім Жүсіпбек І орын, Мағжан Абибулла мен Амина Илиясова ІІ орын, Аяжан Тұрмағанбетқызы мен Айзере Түлебаева ІІІ орынға ие болды. Али Ұзақбаев мен Қымбат Айдынқызы алғыс хатпен марапатталды. Кішкентай жүрегімен өзінің ақынға деген арнауын оқыған Айғаным Асқарбек ақынға арнау бөлімі бойынша «Бас жүлдені» қанжығасына байлады.
Мектеп оқушылары арасындағы бәйгеде бақ сынағандардың басым бөлігі оза шапты. Қазылар алқасы шын жүйрікті анықтау сәтінде аздап әбігерге түсті. Себебі бақ сынаған өрендердің талабы таудай, өнерлері ерен. Дегенмен сайыс болған соң, жеңімпаз да анықталу керек. Көркемсөз оқу бөлімі бойынша Т.Жүргенов атындағы №80 мектеп-гимназиясының оқушысы Мақпал Құрманбекова «Бас жүлдені» жеңіп алса, №85 орта мектептің оқушысы Айым Рақашова І орын алды. Жүлделі ІІ орынды Айару Әмір мен Інжу Сейтбекова алса, ІІІ орынды Рамазан Балтабаев мен Нұрислам Орынбеков қанжығасына байлады.
Байқаудың вокал номинациясы бойынша «Бас жүлдені» Жаншуақ Қорғанбек иемденіп, І орынды Аяулым Есманбетова алды. Айша Бақытбаева ІІ орын, Ерсұлтан Құрманәлі ІІІ орынға ие болды. Ақынның ізін жалғар жас ақындардың легінде өнерпаздар жүрекжарды жырларын тарту етіп, Ғалымбек Зейнулладинов «Бас жүлде», Ерсін Нажмадинов І орын иемденді.
Тартысты өткен бұл байқау жас ұрпақтың бойына рухани азық, қайсар рух сыйлары анық. Себебі ақын жырларының бұлағынан қанып ішкен бұл бүлдіршіндер біздің әдебиетіміздің, мәдениетіміздің жанашырлары, егемен еліміздің ертеңі. Тәрбиелік мәні зор, көңілге қуаныш сыйлайтын бұл поэзия кеші көпке дейін көпшіліктің көңілінен кетпейтіні белгілі. Клуб үйінің әрбір ұйымдастырған мәдени шарасының артында зор жауапкершілік пен жан-жақты ізденісімен көпке белгілі клуб үйінің әдіскері Гүлнұр Бектұрарқызы мен клуб үйінің ұйымшыл ұжымы тұр. Алдағы уақытта бұл мәдени ошақтың халық назарына ұсынатын әлі де жаңа, тың дүниелердің бар екені айқын.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
13 ақпан 2025 ж. 89 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (10379)

11 ақпан 2025 ж.

№10 (10378)

08 ақпан 2025 ж.

№9 (10377)

04 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 383
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728