» » » ТӨРТ ЖАСАР ТАЛАНТ

ТӨРТ ЖАСАР ТАЛАНТ

Маусым айында ғана Ташкентте топ жарған жерлесіміз жуырда бір емес, екі байқаудан жүлделі оралды. Бақ сынаған жерінен бос қайтпайтын жеңімпазымыздың жасы небәрі 4-те. Алдашбай ахун ауылының тумасы Мәди Меңгер туралы жаз айында сүйіншілеп мақала жазғанбыз. Жасының кішкентайлығына қарамастан ақылды, жан-жақты дарынымен көзге түскен Мәди көркемсөз оқып, ән айтатын бүлдіршін суретті де тамаша салады.
Алматы қаласында өткізілген «Жас жұлдыз» атты халықаралық байқауда көркем сөз жанры бойынша бас жүлде иеленіп, Стамбулға жолдама ұтып алды. Онымен қатар кастингсіз киноға түсуге қолқа салды. Алматыдан жүлделі оралған Мәди Түркістан қаласында «Ұлы дала ұрпағы» атты республикалық байқауда ІІ орын иеленіп, Алматы қаласына және шет мемлекетке жолдама жеңіп алды. Бұл төрт жасар таланттың бүгінгі нәтижесі.
Мәди Мұратұлы – отбасының тұңғыш перзенті. Анасының айтуынша 2 жасынан есте сақтау қабілеті жақсы дамып, біршама өлеңді жатқа білген.
– Тұңғышымыз қатарластарына қарағанда ерте сөйледі. Ойы ұшқыр. Ән айтқанды, көркемсөз оқығанды, сурет салғанды жақсы көреді. Қолына қалам мен қағаз беріп қойсаңыз болғаны. Балабақшадағы тәрбиешілер осы қабілетін байқап, байқауларға қатыстырып жүр. Нәтижесі көңіл қуантарлық. Өзім де өнер саласында жұмыс жасайтын болғандықтан талан- тын дамытуды жөн санаймын. Әкесі де байқауларда бақ сынауына қарсы емес. Керісінше әрдайым қолдау білдіріп отырады. Жерлесіміз жеңіспен оралсын деп тілеген ауылдастарыма, бізді құттықтап, қабылдау өткізген ауыл әкіміне алғысымыз шексіз, – дейді анасы Гаухар.

Талабы таудай жас талант болашақта әнші болуды, әкім болуды армандайды. Ал ата-анасы Мұрат пен Гаухар қашанда ұлдарын қолдауға әзір. Қазірден бастап ата-анасына «Өскенде сендерді асыраймын» деп айтатын жас таланттың талабы таудай. Біз Мәдидің әлі де ауыл, аудан, ел мерейін асқақтататынына сенеміз.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
23 қараша 2024 ж. 502 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 102
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 752

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031