» » Ташкентте топ жарған Мәди

Ташкентте топ жарған Мәди

Соңғы уақытта жерлестеріміздің жеңісті күндері көбеюде. Газетіміздің әрбір нөмірін ақжолтай жаңалықпен бастап келеміз. Бүгін де төрт жастағы бүлдіршіннің Ташкентте топ жарғанын айтып сүйіншілемекпіз. Ол – Алдашбай ахун ауылының тумасы Мәди Меңгер. Жасы небәрі төртте болса да, ақылды, жан-жақты дарынымен көзге түскен Мәди түрлі байқауда бақ сынап, жеңіспен оралуда. Көркемсөз оқып, ән айтатын бүлдіршін суретті де тамаша салады.
Осы бағытта «Ре Соль» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Бабалар аманаты» атты ІІІ республикалық байқауға қатысып, бас жүлдені қанжығасына байлап, Ташкентке жолдама алады. Ташкенттегі халықаралық «Шығыс жұлдызы» атты өнер байқауында «Бейнелеу өнері» жанры бойынша гран-при иеленді. Онымен қоса Дубайдағы байқауға жолдама жеңіп алды. Бұл төрт жасар таланттың бүгінгі нәтижесі.
Мәди Мұратұлы отбасының тұңғыш перзенті. Анасының айтуынша 2 жасынан есте сақтау қабілеті жақсы дамып, біршама өлеңді жатқа білген.
– Тұңғышымыз қатарластарына қарағанда ерте сөйледі. Ойы ұшқыр. Ән айтқанды, көркемсөз оқығанды, сурет салғанды жақсы көреді. Қолына қалам мен қағаз беріп қойсаңыз болғаны. Балабақшадағы тәрбиешілер осы қабілетін байқап, байқауларға қатыстырып жүр. Нәтижесі көңіл қуантарлық. Өзім де өнер саласында жұмыс жасайтын болғандықтан талантын дамытуды жөн санаймын. Әкесі де байқауларда бақ сынауына қарсы емес. Керісінше әрдайым қолдау білдіріп отырады. Балапанымның арқасында Ташкентке барып келдік. Енді Дубайды көру бұйырып тұр екен. Жерлесіміз жеңіспен оралсын деп тілеген ауылдастарыма, бізді құттықтап, қабылдау өткізген ауыл әкіміне алғысымыз шексіз, – дейді анасы Гаухар.
Талабы таудай жас талант болашақта әнші болуды армандайды. Ал ата-анасы Мұрат пен Гаухар қашанда ұлдарын қолдауға әзір. Тәлімді тәрбие көріп, өмірі өнермен өріліп келе жатқан өреннің талабына біз де бармақтай бақ тіледік.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
11 маусым 2024 ж. 112 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (10317)

02 шілде 2024 ж.

№51 (10316)

29 маусым 2024 ж.

№50 (10315)

25 маусым 2024 ж.

Оқиғалар

Сынық кесе
05 шілде 2024 ж. 62
Талпыныс

Талпыныс

24 маусым 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Таза Қазақстан
14 маусым 2024 ж. 3 985

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031